Қазақстанда тұтынушылық несиелердің жылдық пайыздық мөлшерлемесі төмендейді

10.03.2023, 12:04
479
Қазақстанда тұтынушылық несиелердің жылдық пайыздық мөлшерлемесі төмендейді smartnews.kz

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшеріне өзгерістер енгізетін қаулы жобасын әзірледі, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Ата айтқанда сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерін мынандай шамада бекіту көзделген:

екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар беретін банк қарыздары бойынша – кепілсіз банк қарыздары бойынша 44%; кепілмен қамтамасыз етілген банк қарыздары бойынша 40 (қырық) пайыз; ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша 25 (жиырма бес) пайыз;
микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін микрокредиттер бойынша – 44%.

Банк қарызы шартын, микрокредит беру туралы шартты жасау, банк қарызын берумен және қызмет көрсетумен байланысты банк қарызы, микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі өзгерген және (немесе) комиссиялар мен өзге төлемдер өзгерген немесе жаңадан енгізілген күні сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі осы тармақта бекітілген шекті мөлшерден асып кете алмайды.

Түсіндірме құжатта қаулы жобасы кепілсіз тұтынушылық кредиттер үшін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін 56% - дан 44% - ға дейін төмендету мақсатында әзірленгені жазылған.

Құжат 29 наурызға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

«Бір апта сөйлеуге рұқсат жоқ»: Роза Әлқожа ауыр дертпен күресіп жүргенін айтты Сәкен Майғазиев келін түсірді: әншінің ұлы Әділет сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады «Әрең алған атағым «ұшып» кетті»: Мадина Сәдуақасова әскери шені туралы ашық айтты Қой да көмектеспеді: «Атырау» клубы құрбандық шалса да, ойында жеңіліп қалды Тұрымтай тағамға айналды: Мейрамханалар торғай етін менюге кіргізді Адвокат: «Шерзаттың сотында шыққан үкім халыққа ұнамауы мүмкін» «Жатақханамен бірге 3 млн теңге»: Назарбаев зияткерлік мектептерінде оқу құны арзандады «5 айлық зағип қыздың ақшасын «жеген»: Ілияс Сариевтың тағы бір «ұрлығы» әшкере болды 3 күн бітімге келейік деген Путин өз уәдесінде тұрмады Тоқаев енді Ресейдегі парадқа қатысады «Мен сүрінсем, құламауымды тіледің»: әнші Тоқтар Серіков әйелінің туған күніне ерекше сыйлық жасады (ФОТО) Каспийлік итбалық жолаушыны алдап соқты (ВИДЕО) Әкімдік Жеңіс парадына өткізбеген еңбек ардагерінен кешірім сұрады «Шапағат» сауда үйінде 10-ға жуық бутик өртенген Теміржол бойынан табылған мәйіт: Алматы облысында кісі өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Air Astana Үндістанға баратын әуе рейстерін тоқтатты «Сенат заңды мақұлдады»: Қазақстан жерін АҚШ-қа 49 жылға жалға береді Алматы тауларында жүрген студент қыз қайтыс болды Украинада доллардан еуроға көшу идеясы қарастырылып жатыр Бүгінгі күннің ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды