«Тұрғындар қайықта, ал балалар сабаққа бармайды»: Ақтөбе су тасқынымен күресіп жатыр (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
18.03.2025, 11:33
563
«Тұрғындар қайықта, ал балалар сабаққа бармайды»: Ақтөбе су тасқынымен күресіп жатыр (ВИДЕО) stan.kz

Былтырғы су тасқыны қайталану қауіпі жоғары…

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 17 наурызда Ақтөбе облысының Қанай ауылымен қатынас үзілді. Ойыл ауылының халқы өзеннен қайықпен өтіп жүр. Қала жанындағы Бауырластар-5 елдімекен тұрғындары түнді ұйқысыз өткізді. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Ақтөбе облысында көктемгі су тасқыны қарбаласы басталды. 17 наурызда Қобда ауданында Тұманшы өзені тасыды. Салдарынан Қанай ауылына кіреберіс жергілікті маңызы бар жолдың жабындысы шайылды.

Ресми мәліметке сүйенсек, елдімекенге қауіп жоқ. Дәрі-дәрмек пен азық-түлік қоры жеткілікті және кезекшілік ұйымдастырылған.

“Қазір қажет техника мен жұмыс күші бар, қап төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ алюминийден жасалған моторлы қайық қолданылып жатыр. Жолдың жалпы ұзындығы – 3 шақырым. Су шайған жабынды ұзындығы – 6 м. Ауылға (12 үй) қатынас уақытша тоқтатылды. Су деңгейі төмендегеннен кейін көлік қатынасы қайта қалпына келтіріледі”, – делінген әкімдік хабарламасында. 

Ақтөбе қаласы жанындағы Бауырластар-5 елдімекенінің тұрғындары 17 наурызға қараған түнді ұйқысыз өткізгендерін айтты.

“Ұйқы жоқ. Сумен алысып кеттік. Әркім үйінің айналасын қоршап жатыр. Жаяу адам шыға алмайды. Бір-бірімізді машинамен трассаға дейін жеткіземіз. Қырдан келген су көшемен өтіп жатыр”, – деді тұрғын Әлмұхан Пазылбеков.

100-ден аса отбасы тұратын Бауырластар-5 елдімекені сайда орналасқан. Қар суының көптігінен қала жанындағы елдімекен тұрғындары балаларын сабаққа жібере алмаған.

“Біз осы жақта екінші жыл қыстадық. Екі жыл қатарынан судың ортасында қалдық. Қазір су сору жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бірақ су жоғары жақтан келіп жатқандықтан ештеңе азайып жатқан жоқ. Үйден шыға алмай қалдық. Төрт баламның екеуі мектеп жасында. Бүгіннен бастап олар сабаққа бармайды. Апайларына фото, видео жібердім. Үйіміз судың ортасында тұр”, – деді тұрғын Гүлфайруз Жасқожиева.

Тұрғындармен кездесуге келген Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімдігінің қызметкерлері 20-30 үйдің ауласымен су жүріп жатқанын айтты. Қазір мұнда бекіту, су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр.

“Су ауламнан өтіп жатыр. Өзім құммен бекітіп, көтеріп қойдым. Жай су емес, ағыс боп келіп жатыр. Көріп тұрсыздар, су көбейіп жатыр. Арық қазу жұмыстарын әкімдікке айттық, бірақ жоқ”, – деді тұрғын Берік Бегімбаев

Ал Ойыл ауданында тасқын қарбаласы 15 наурыздан басталды. Ойылға кіреберіс тұста уақытша өткелді су басты. Бұл аудандағы негізгі көпір былтыр тасқыннан кейін жарамсыз деп танылды. Қазір ауыл тұрғындары өзеннен қайықпен өтіп жүр.

“Бүгінде облыс аумағындағы су тасқыны жағдайы тұрақты. Қазгидрометтің деректеріне сәйкес, өзендерде мұздың әлсіреу кезеңі басталды. Ойыл ауданы Ойыл ауылының кіреберісінде Ойыл өзені арқылы өтетін жер үйіндісінен жасалған уақытша өткел үстінен су ақты. Құтқарушылардың күшімен өзен арқылы 348 адам, оның ішінде 49 бала өткізілді. Ойыл ауылында 70 адам, 28 бірлік техника, 5 жүзу құралынан тұратын күштер жұмылдырылған. Тұрғын үйлер мен саяжайларды, ғимараттар мен құрылыстарды су басу фактілері тіркелген жоқ. Елді мекендерге қауіп жоқ”, – делінген хабарламада. 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды