«Бишімбаевтың әйелінің тағдырын қайталағым келмейді»: Ақтөбеде күйеуінің қолынан көз жұмған келіншектің хаты жарияланды

Аиса Махамбет Редактор
20.03.2025, 09:47
661
«Бишімбаевтың әйелінің тағдырын қайталағым келмейді»: Ақтөбеде күйеуінің қолынан көз жұмған келіншектің хаты жарияланды iStock

Марқұмды ақыры балаларының көзінше өлтіріп тынған… Ол хатында өзі мен балаларын күйеуінен қорғауды сұраған екен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде ер адам әйелін балаларының көзінше өлтірген еді. Марқұмның өзін және балаларын күйеуінен қорғауды сұрап жазған хаты табылды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Күйеуінің зорлық-зомбылығына шыдай алмаған әйел ажырасуға бел буған. Ол өзіне және балаларына қорғау бұйрығын беруді сұрап, төрт беттен тұратын хат қалдырған. 37 жастағы ақтөбелік әйел хатында күйеуінің оған көрсеткен агрессиясын ашық сипаттайды.

Хаттан белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар соңғы уақытта бірге тұрмаған, бірақ күйеуі пәтеріне кіріп, оны қорқытып келген. Сол себепті әйел құқық қорғау органдарынан күйеуінің өзіне, балаларына, үйіне және жұмыс орнына жақындамауын талап еткен. Отбасын асырау үшін әйел орталық базарда көкөніс сатқан. Ал күйеуі соңғы екі жылда еш жерде жұмыс істемеген.

“Ол маған және балаларыма психологиялық, физикалық және экономикалық зорлық-зомбылық көрсетіп келеді. Ол мені өлтірмекші болып, КамАЗ-ға әдейі соғылды, мен рөлді әрең бұрып үлгердім", – деп жазған әйел.

Сондай-ақ, күйеуі оған тек “шариғат бойынша” талақ бергенін, бірақ ресми ажырасқысы келмегенін жазған. Бұған себеп күйеуі мүлікті бөліскісі келмеген.

Ер адамның балаларды да қорқытқаны хатта көрсетілген. Күйеуі үш баласына егер аналары ажырасудан бас тартпаса, өзін өлтіретінін айтқан.

“Ол мені қорқытып, “Ажырасқанша балалардың жетім қалғаны жақсы" деді. Мені кіреберісте немесе көшеде күтіп тұрып, өлтіретінін айтып қорқытады”, – деп жазған әйел.

Әйел өзіне төнген қауіпке байланысты қылмыстық іс қозғауды сұрап, күйеуінің өзіне көрсеткен қорлығының егжей-тегжейін баяндаған.

“Мен Бишімбаевтың әйелінің тағдырын қайталағым келмейді”, – деп жазған ол өтінішінің соңында.

Өтініш 2024 жылдың желтоқсанында жазылған.

Ал 2025 жылдың ақпанында әйел қайтыс болды. Күйеуі үйіне келіп, әйелге бірнеше рет пышақ жарақатын салған. Әйел ауруханаға жеткізілгенімен, алған жарақаттарының салдарынан көз жұмды.

Полиция бастапқыда кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Алайда кейіннен іс “аса қатыгездікпен кісі өлтіру” бабы бойынша қайта қаралды. Бұл бап бойынша бұған дейін атышулы Қуандық Бишімбаев сотталған еді.

Айта кетейік, 2025 жылдың қаңтарында сот ер адамды бұрынғы әйеліне алимент төлеуге міндеттеген. Алайда ол бұл шешімді орындап үлгерді ме, белгісіз. Анасыз қалған балалар қазір “Аяла” орталығына орналастырылған, оларға психологтар көмектесіп жатыр.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)