Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақ аукционда сатылды

Аиса Махамбет Редактор
27.03.2025, 15:11
486
Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақ аукционда сатылды e-qazyna.kz

Апаттан кейінгі ұшақты кім сатып алғаны белгісіз.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы маңында апатқа ұшыраған АН-26 ұшағының техникалық сынықтары аукционда сатылды.

E–qazyna.kz мәліметінше, ұшақтың бастапқы бағасы 1 351 494,75 теңге болған. Артынша қатысу үшін 810 897 теңге көлемінде кепілдік жарна салу қажет еткен. Аукцион қорытындысы бойынша сатып алушы оны 1 416 200 теңгеге алған.

Әзірге АН-26 сынық ұшағын сатып алушы белгісіз.

Фото e-qazyna.kz сайтынан

Сауда-саттыққа сатушы ретінде Индустрия және құрылыс министрлігі Мемлекеттік қорғаныс тәртібі комитетінің «Қазарнаулыэкспорт (Қазспецэкспорт)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны қатысқан. Сату объектісінің теңгерім ұстаушысы Ресейдің «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің авиация қызметі» мемлекеттік мекемесінің авиациялық департаменті болды.

Фото e-qazyna.kz сайтынан

Тендер шарты бойынша сатып алушы «металл сынықтарын тиеуге, өлшеуге, сұрыптауға, кесуге және тұрған жерінен шығаруға байланысты барлық шығындарды» өз есебінен көтеруі тиіс. Экспорттау мерзімі сатушының мақұлдау туралы хабарламасын жіберген күннен бастап 30 жұмыс күнін құрайды.

Фото e-qazyna.kz сайтынан

Ан-26 ұшағының сынығы Алматы облысындағы Боралдай ауылында орналасқан.

Фото e-qazyna.kz сайтынан

Құжаттарға сәйкес, сатылған нысан 1978 жылы шығарылған, салмағы 14,6 тонна.

Фото e-qazyna.kz сайтынан

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды