1684

Құлсарылық әйелді бұрынғы күйеуі аурухана ішінде бауыздап кетті

Өлтіре сала ауруханадан қашқан қаскөйді полициялар лезде ұстап алған көрінеді.

Құлсарылық әйелді бұрынғы күйеуі аурухана ішінде бауыздап кетті
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жылыой ауданының Құлсары қаласында кісі өлтіру оқиғасы орын алды. Ер адам бұрынғы әйеліне пышақпен шабуыл жасады.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, күдікті — Шоқпартоғай ауылының тұрғыны. Қылмыс жасағаннан кейін ол қашып кетуге тырысқан, алайда Жылыой аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері оны ізін суытпай қолға түсірді.

Қазіргі таңда тергеу жүргізілуде. Құқық қорғау органдары қылмыстың себептері мен барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Трагедия түстен кейін, емхананың заңгері болып жұмыс істеген әйелдің жұмыс кабинетінде болған. Кабинетте жалғыз отырған әйелге кенеттен бұрынғы күйеуі кіріп келіп, оған пышақпен шабуыл жасаған. Әйел оқиға орнында қаза тапты.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор