Сарыағашта даун синдромы бар баланы мұғалім таяқпен ұрып тастаған

Аиса Махамбет Редактор
14.04.2025, 13:34
348
Сарыағашта даун синдромы бар баланы мұғалім таяқпен ұрып тастаған бейнежазбадан алынған кадр

Сурет пәнінен сабақ беретін мұғалім баланы әбден қорлаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде «Әділ кәсіподақ» ұйымы Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы жантүршігерлік сәттің видеосын жариялады.

Ерекше күтімді қажет ететін 13 жастағы Еркебұлан Жақыбайдың даун диагнозы бар. Ол Сарыағаш қаласындағы «Ақылды бала» коррекциялық орталығына барып жүрген.

Сурет пәнінен сабақ беретін Марлен есімді азаматтың баланы аяғынан сүйреп, жерде жатқызып, бұрышқа тақап қойып күш көрсеткен сәті видеоға түсіп қалған.

Еркебұланды сабақтан алып кетуге келген анасы Гүлжауһар Жорабековаға баласы: «Ағай мені ұрды. Қатты қорқып кеттім, жүрегім ауырып жатыр» деп жылаған.  Еркебұланның жүрегіне бұған дейін екі рет ота жасатқан.Егер сол сәтте жүрегі тоқтап қалса — кім жауап береді?

Біз мына жағдайға үнсіз қала алмаймыз!- дейді кәсіпқодақ өкілдері.

Осыған қатысты Түркістан облысының білім басқармасы пікір білдірді.

Түркістан облысының білім басқармасы бейнематериалда көрсетілген жағдайды назарға алып, тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізді. Оқиға жекеменшік коррекциялық орталықта орын алған. Бейнематериалдағы ер адам – мұғалім емес, арт-терапевт маманы. Ол орталық тарапынан жұмыстан босатылды. Бүгінде балаға қажетті психологиялық қолдау көрсетілді. Қазір баланың жағдайы жақсы, тұрақты сабаққа қатысып жүр деп хабарлаймыз, - делінген хабарламада.

Романтика ма, дарақылық па? Тойға қайықпен кірген зейнеткерлер жұрттың мазағына айналды (ВИДЕО) Гүлзира Айдарбекова Астанадан сауда үйін ашқалы жатыр Имам қажылық үшін несие алу күнә екенін айтты Халыққа 350 келіден астам есек етін жеткізбек болғандар ұсталды «Уасилә, Христос, Тектұрмасжан»: Елімізде балаларға арналған сирек кездесетін есімдер тізімі жасалды Алматыдағы психдиспансерден екі адам қашып кетті Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды «АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО)