Талдықорған перзентханасында құрсақтағы сәбиді сақтау орталығы ашылды

12.03.2023, 17:21
515
Талдықорған перзентханасында құрсақтағы сәбиді сақтау орталығы ашылды inform.kz

Мақсат – туа бітетін даму кемістігін уақытылы анықтау, олардан болатын өлім-жітімнің, балалар арасындағы сырқаттанушылық пен мүгедектіктің алдын алу.

Орталықта жүкті әйелдерге ультрадыбыстық және биохимиялық скрининг жүргізіледі. Генетиктер мен акушер-гинекологтер консультация береді. Пренаталдық консилиумда ұрықтың даму патологиясы анықталған кезде босану тәсілі белгіленеді. Сондай-ақ, орталықта ұрықтың анықталған патологиясын растау үшін ультрадыбыстық диагностиканың екінші деңгейі бар.

«Орталықтың негізгі бағыты – туа бітетін патологиялармен күресу, ұрықтың қалыптасуына әсер ететін жағымсыз факторларды жою, туа бітетін ақаулар мен хромосомалық ауытқуларды анықтау кезінде жүктілікті жалғастыру мәселесі, жаңа туған нәрестеге қажетті медициналық көмекті уақтылы көрсету. Генетика бөлімінде хромосомалық ауытқуларға пренаталдық биохимиялық скрининг және тұқым қуалайтын метаболикалық ауруларға неонаталдық скрининг жүргізіледі», - деді Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әйгерім Лебаева.

Патология анықталған жағдайда жүктілікті одан әрі жалғастыру немесе тоқтату тәсілі туралы мәселелерді шешу үшін ұрық патологиясының сипатына байланысты көп бейінді комиссия ұйымдастырылады. Комиссияның отырысында отбасына анықталған аурудың барлық салдары, жүктілікті үзбеу туралы шешім қабылданған кезде баланың өміріне болжам және мүгедектік дәрежесі түсіндіріледі.

Болашақта орталықта ұрықтың инвазивтік пренаталдық диагностикасын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл – «Хромосомалық патология» диагнозының соңғы кезеңі.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды