Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады

27.06.2025, 12:49
1170
Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады informburo.kz

Қазақ тілінің үлесін кеміткен телеарналарға қатысты іс қозғалып, қомақты айыппұл салынады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2025 жылдан бастап қазақ тілінде хабар таратуды талап ететін ереже күшіне енгенімен, оны орындамаған телеарналар мен радиолар әзірге ешқандай жазаланбай келеді. Алайда бұл жақында өзгеруі мүмкін: Мәдениет және ақпарат министрлігі қазақ тіліндегі контент көлемін азайтқан медиаларға айыппұл салу туралы ұсыныс енгізді.

Қазіргі заң бойынша, теле және радиоэфирдің кемінде 55 пайызы қазақ тілінде болуы тиіс. Бірақ бұл талаптың бұзылғанына құқықтық жауапкершілік қарастырылмаған.

Осыған байланысты министрлік Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексіне өзгерістер енгізуді ұсынып отыр. Қоғамдық талқылау 10 шілдеге дейін жалғасады.

Жаңа түзетулерге сәйкес:

Қазақ тіліндегі эфир үлесін сақтамаған теле-радио арналарға айыппұл салынуы мүмкін;

Жарнама уақытын тәуліктік лимиттен (20%) асырғаны үшін де жаза қарастырылған;

Сонымен қатар әлеуметтік желілер мен видеоплатформаларда заңсыз контент таратқан тұлғалар мен компаниялар да жауапкершілікке тартылуы ықтимал.

Мәдениет министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы Қазақстандағы онлайн платформалардан 78 мыңнан астам құқықбұзушылық контент табылған. Бірақ соның тек 24 пайызы ғана өшірілген. Осыған байланысты цифрлық кеңістікті бақылау қиындап барады, дейді ведомство.

"Еуропа елдері, Оңтүстік Корея мен Ұлыбританияда тілдік нормалар мен жарнама шегін бұзған медиаларға миллиондаған айыппұл салынады, тіпті кей платформалар бұғатталып жатады", — делінген ресми құжатта.

Билік осы қадам мемлекеттік тілді қорғап, медиа саласының жауапкершілігін арттырады деп сеніп отыр.

Еске салайық, 2030 жылға дейінгі Тіл саясаты тұжырымдамасында мемлекеттік телеарналардағы қазақ тіліндегі контент үлесін 85%-ға дейін жеткізу және халықтың қазақ тілін меңгеру деңгейін 84%-ға арттыру көзделген.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды