Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін

27.06.2025, 12:13
948
Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Reuters

СІМ азаматтарды өзге елдің заңдарын қатаң сақтауға шақырды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бали аралында есірткімен ұсталған екі қазақстандық азамат ауыр жазаға тартылуы ықтимал. Олардың жанынан шамамен 50 грамм кристалды метамфетамин табылған. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Қазір Индонезия полициясы тергеу жүргізіп жатыр, ал ұсталғандар арасында АҚШ азаматы да бар. Қазақстандықтар өз еркімен консулдық көмек сұрап, елшілік Джакартадағы құқық қорғау органдарымен және туыстарымен байланыс орнатқан.

«Индонезиялық тарап шешім қабылдаған соң бізге хабар береді. Қазір біздің елшілік пен консулдар жағдайды бақылап отыр. Азаматтармен тұрақты байланыстамыз», – деді Сыртқы істер вице-министрі Әлібек Бақаев.

Оның айтуынша, Қазақстан 2014 жылдан бері Индонезияға сотталғандарды елге қайтару туралы келісімұсынған. Алайда, құжат әлі қол қойылмаған.

Индонезияда есірткіге қатысты заңдар өте қатаң: өлім жазасына дейінгі жаза қарастырылған. Сондықтан бұл іс Қазақстан дипломаттарының ерекше бақылауында.

СІМ азаматтарды шетелге шыққанда сол елдің заңдарын қатаң сақтауға шақырады.

Айта кетейік, индонезиялық билік соңғы екі айда наркобизнеске қарсы операция барысында 285 адамды, соның ішінде 7 шетел азаматын, ұстағанын хабарлады. Олардың арасында екі қазақстандық бар.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды