Tele2 компаниясы 517 миллиард теңгеге арабтарға сатылды

27.06.2025, 16:13
724
Tele2 компаниясы 517 миллиард теңгеге арабтарға сатылды Delfi

Tele2 компаниясын Қатарлық инвестор сатып алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан үкіметі еліміздегі ірі мобильді байланыс операторларының бірі — Tele2 компаниясын шетелдік инвесторға сатты. Бұл туралы 2025 жылғы 26 маусымда ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Жоғарғы аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

Оның айтуынша, 2024 жылдың ішінде жеке меншік секторға 14 ірі нысан берілген, олардың жалпы құны 589 миллиард теңгені құраған. Сол соманың ең үлкен бөлігі — 517 миллиард теңге — дәл осы Tele2 компаниясын Қатардан келген инвесторға сату мәмілесіне тиесілі.

«Осы мәміле аясында республикалық бюджетке 158 миллиард теңге дивиденд түрінде түсті. Бұдан бөлек, сату кезінде актив құны қайта бағаланып, нәтижесінде 76 миллиард теңге көлемінде корпоративтік табыс салығы төленді», — деді Смайылов.

Мәміле бойынша қалған қаражат 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен бюджетке түсіп отырады. Бұл — бірнеше жылға созылатын құрылымдалған төлем.

Нарықты монополиядан арылту — басты мақсат

Tele2 бұрын «Қазахтелеком» ұлттық компаниясына тиесілі болған. Ұлттық оператордың иелігінде бірден екі мобильді байланыс компаниясы — Kcell мен Tele2 болғаны бәсекелестік ортаға кері әсер етіп отырғаны жиі сынға ұшырайтын.

Билік өкілдерінің айтуынша, Tele2-ні сату арқылы мобильді байланыс нарығын монополиядан арылту, тарифтердің әділдігін қамтамасыз ету, қызмет сапасын арттыру және шынайы бәсекелестік қалыптастырукөзделген.

Енді нарықта үш ірі байланыс операторы өзара дербес қызмет атқарады — бұл тұтынушы мүддесі үшін тиімдіболуы тиіс.

Қатарлық капитал — технология мен инфрақұрылымға серпін

Қатарлық инвестордың аты-жөні ресми түрде жария етілмегенімен, мәміленің жалпы мазмұны белгілі: жаңа инвестор байланыс сапасын жақсарту үшін заманауи технологиялар мен инновациялық шешімдерді енгізуге міндеттеледі.

Үкімет өкілдері Қатарлық тарап тек қаржылық пайда үшін ғана емес, сонымен қатар цифрлық инфрақұрылымды дамытуда маңызды серіктеске айналуы керек деп есептейді. Бұл ретте жаңа қызметтер мен цифрлық өнімдерді енгізу Қазақстандағы телекоммуникация саласына серпін беруі мүмкін.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді