«100 мың рубльді итке лақтырғандай берді»: Соғыстағы ресейлік сарбаздар жаппай қатерлі ісікке шалдығып жатыр

27.06.2025, 13:31
2910
«100 мың рубльді итке лақтырғандай берді»: Соғыстағы ресейлік сарбаздар жаппай қатерлі ісікке шалдығып жатыр Сергей Тимсо

Олар Украина әскеріне газ құбырымен еңбектеп жетеміз деп айықпас дертке шалдығып, атақ-даңқсыз далада «қаңғып» қалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ресейлік «Поток» (кей деректерде — «Труба») әскери операциясына қатысқан сарбаздар өкпе обыры мен өкпе артериясының тромбоэмболиясына шалдыққан. Бұл туралы ресейлік пропагандист Анастасия Кашеварова хабарлады.

Оның айтуынша, наурыз айында Суджа қаласы маңындағы Украина армиясының позициясына жету үшін жүздеген әскери 15 шақырымға жуық газ құбырымен еңбектеп өткен. Құбыр қаңтар айынан бастап пайдаланудан шығарылған.

Кашеварованың жазуынша, сарбаздарға тек 100 мың рубль көлемінде өтемақы берілген, ал ресми диагноз ретінде тек «орташа дәрежелі бронхит» қойылған. Қазірдің өзінде бірнеше сарбаздың жағдайы нашарлап, өкпе қатерлі ісігіне немесе тромбоэмболияға айналған.

«100 мың рубльді итке лақтырғандай берді. Награда жоқ. Диагноз — жай бронхит. Ал шын мәнінде бұл — әскери қызметтің салдары. Бірақ ол тіпті «соғыс жарақаты» ретінде де танылмаған, сондықтан толық өтемақы да қарастырылмаған», – деп жазды Кашеварова Telegram парақшасында.

Оның айтуынша, бұл жағдай Генштабтағы жоғары лауазымдылардың немқұрайлылығын көрсетеді.

«Поток» жауынгерлерін марапаттауға қарсы шенділер өздері газ құбырының ішінде екі күн жатып көрсінші. Шыдар ма екен?!», – дейді Кашеварова ашынып.

«Ахмат» арнайы жасағының командирі, генерал-лейтенант Апти Алаудинов та бұған дейін операцияға қатысқан сарбаздардың көбі өкпеге қатысты ауыр дертпен ауруханаға түскенін растаған.

«Құбыр ішінде ұзақ уақыт жүру сарбаздардың ішкі ағзаларына қатты әсер етті. Дәл қазір көпшілігінің тыныс алу жүйесі зақымданған», – деген еді ол ТАСС агенттігіне.

Еске салайық, операция Суджа қаласынан Украина Қарулы күштерін ығыстыру мақсатында 2025 жылғы наурызда өткен. Қаланың бақылауын қайта алу үшін әскери бөлім пайдаланылмай тұрған газ құбыры арқылы жасырын кірген.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды