Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды

27.06.2025, 10:50
278
Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Reuters

Соғыс басталғалы 94 ғалымға қатысты тергеу басталған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейде Федералды қауіпсіздік қызметі (ФСБ) Қытаймен байланысы бар деген күдікпен ғалымдарға қарсы бақылау мен қудалауды күшейтті. 2022 жылдан бері 94 ғалымға қатысты тергеу басталып, олардың 43-іне қылмыстық іс қозғалды. Кемі 10 іс – Қытай пайдасына тыңшылық жасады деген айыппен байланысты.

ФСБ жаңа ережелер енгізді

2024 жылдың 24 маусымынан бастап Ресейде ғалымдардың шетелдік серіктестермен байланысына қатаң бақылау енгізілді. Енді кез келген халықаралық ынтымақтастық туралы ақпарат арнайы электрондық базаға (ЕГИСУ НИОКТР) тіркеліп, ФСБ тарапынан мақұлдануы тиіс. Бұл шаралар барлық ғылыми институттар мен университеттерге қатысты. Сарапшылар мұны "кеңестік стильдегі бақылаудың цифрлық нұсқасы" деп бағалауда.

Ғалымдарды Қытайға жұмыс істеді деп айыптау – ескі әдіс

Қытаймен байланысты тыңшылық істері Ресейде 1990-жылдардан бері кездеседі. Мысалы, физик Валентин Данилов 2001 жылы Қытайға құпия ақпарат берді деп 14 жылға сотталды. Ол тек ашық дереккөздерді пайдаланғанын айтқан. Кейін Еуропалық адам құқықтары соты Даниловтың әділетті сот құқығы бұзылғанын растады.

Сол сияқты басқа ғалымдар – мұхиттанушы Владимир Щуров, профессорлар Евгений Афанасьев пен Святослав Бобышев та Қытайға мәлімет берді деген күдікпен сотталған. Айыптаулардың көбі тек кейіннен "құпия" деп танылған материалдарға негізделген.

"Гипердыбыстық" іс: жаңа толқын

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін, Қытайға шпиондық жасады деген күдікпен бірден бірнеше ғалым қамауға алынды. Олардың арасында гипердыбыстық зымырандар тақырыбында жұмыс істеген мамандар бар. Алайда әріптестері бұл істерді "жоспарлы қысым" деп бағалап отыр, себебі көпшілік баяндамалар алдын ала ФСБ-мен келісілген болған.

Мысалы, Новосібірлік физик Дмитрий Колкер 2018 жылы Қытайда оқыған дәрістері үшін тыңшылықпен айыпталып, 2022 жылы тұтқындалғаннан кейін үш күннен соң қайтыс болды. Ол ауыр онкологиялық дертпен ауырып жүрген еді.

Қытай үнсіз, Ресей – абыржыған

Қытай ресми түрде бұл істерге пікір білдірмей отыр. Зерттеуші Алексей Чигадаевтың айтуынша, Қытай Ресейдің технологиясына қызығушылық танытса да, ресми Бейжің бұл істерге араласпай, үнсіз қалуды жөн көреді. Ал Ресей жағы мұны "қауіптің алдын алу" үшін жасап отыр.

Ғылымнан бас тартқан жастар

Тарихшы Дмитрий Дубровский ФСБ-ның әрекетін "ғалымдарды жазалау арқылы ғылымды оқшаулау" деп сипаттайды. Ол тергеу амалдары біржақты өтетінін, судьяның өзі кейде құпия материалдарға қол жеткізе алмайтынын айтады. Бір іс бойынша ғалымның флешкасынан "қытайша шаң" табылғаны – негізгі дәлел ретінде қарастырылған.

Дубровский бұл жағдайлардың жастар арасында ғылымға деген ынтаны азайтатынын, ғылымнан қорқып, басқа салаға кетіп жатқанын атап өтті. "Мемлекеттік тапсырманы орындап отырып, 15 жылға қамалу қаупі бар елде кім ғылыммен айналысады?" – дейді ол.

Хаменеи атысты тоқтату туралы бітімді жоққа шығарып, Иранды жеңісімен құттықтады Елімізде балалар боғауыз сөз айтқаны үшін ата-аналар жазаланады «100 мың рубльді итке лақтырғандай берді»: Соғыстағы ресейлік сарбаздар жаппай қатерлі ісікке шалдығып жатыр Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО)