Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген

27.06.2025, 11:33
911
Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген SMARTNEWS.KZ коллажы

Қазақ қандас мәртебесін алғандардың саны белгіленді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2025 жылдың алғашқы бес айында 5 496 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Жалпы 1991 жылдан бері елге 1,15 млн-нан астам қандас оралған.

Биылғы қандастардың географиясы мынадай:

45,8% — Қытайдан

41,2% — Өзбекстаннан

5,5% — Түрікменстаннан

2,6% — Моңғолиядан

2,4% — Ресейден

2,5% — басқа елдерден

Жас шамасы бойынша:

60,1% — еңбекке қабілетті жастағылар

31% — кәмелетке толмағандар

8,9% — зейнеткерлер

Білім деңгейі:

17% — жоғары білімді

27,4% — арнаулы орта

53,2% — жалпы орта

2,4% — білімі жоқ

Қоныстану аймақтары мен квота:

Қандастар негізінен еңбек күші жетіспейтін өңірлерге (Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, ШҚО, СҚО және БҚО) қоныстанып жатыр. 2025 жылға арналған квота – 2 309 адам. Жыл ортасына дейін 917 адам солтүстік пен шығысқа көшкен.

Мемлекеттік қолдау:

Көшуге – әр адамға 70 АЕК (275,2 мың теңге)

Бір жыл бойы баспана мен коммуналдық қызметтерге – 15–30 АЕК (59–118 мың теңге)

Бұдан бөлек, 340 адам түрлі қолдау шараларын алып, 163 қандас тұрақты жұмысқа орналасты. Сонымен бірге, солтүстікке ерікті көшуге ынталандыру үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты енгізілді. Ол арқылы үй алуға немесе ипотекалық алғашқы жарнаны жабуға 4,56 млн теңгеге дейін қайтарымсыз көмек беріледі.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді