«Қыз Жібектің» режиссері Сұлтан Қожықовтың туғанына 100 жыл толды

13.03.2023, 14:45
806
«Қыз Жібектің» режиссері Сұлтан Қожықовтың туғанына 100 жыл толды e-history.kz

Аты аңызға айналған «Қыз Жібек» фильмінің режиссері Сұлтан- Ахмет Қожықов тірі болғанда биыл 100 жасқа толар еді. Айтулы датаға орай алматылықтар «Қазақфильм» киностудиясының жұлдыздар аллеясындағы естелік жұлдызына гүл шоғын қойды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Шара барысында атақты режиссердің туған-туыстары, кинематографтар және «Қазақфильм» киностудиясының ұжымы естеліктерін бөлісті.

«Мемкиноға тақырыптық жоспарды бекіту үшін Мәскеуге барған кезекті сапарында бұрынғы киностудия басшысы Камал Смайыловқа ұсынылған сценарийлердің бірін бекітпеді. Содан мемлекеттік комитеттің бас редакторын Камал Сейтжанұлы оған басқа, неғұрлым қолайлы сценариймен алмастыруға уақыт беруге көндірді. Алматыға оралып Ғабит Мүсіреповке қоңырау шалып, «Қыз Жібек» пьесасын киносценарийге айналдыруды өтінді. Ғ.Мүсірепов бір ай ішінде Камал Смайыловтың тапсырмасын орындады. Осылайша сценарий құтқарылып, кейіннен ұлттық киношедеврге айналды»,- дейді режиссер Болат Шәріп.

Көрнекті режиссердің мерейтойына арналған іс-шара Сұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицейдің қабырғасында жалғасты.

Лицей оқушылары шығармашылық кеш ұйымдастырып, қонақтарға мерейтой иесінің өмірі мен шығармашылығынан театрландырылған қойылым ұсынды.

С.Қожықов 1923 жылы 10 наурыз күні Тараз жерінде дүниеге келген.

Балалық шағында сурет салумен әуестенген ол ВГИК-тің режиссерлік факультетіне оқуға түседі. Шығармашылық жолын қазақ драма театрының суретші-безендірушісі ретінде 1942 жылы бастаған.

Бұл кезде ол 18 жаста ғана болатын. 19 жасында «Еңлік-Кебек» спектаклін безендірді.

1941 жылы соғысқа аттанған ол республика үкіметінің шақыруымен тез арада кері оралып, Мәскеуден Алматыға көшірілген біріккен орталық киностудияда киносуретшілік кәсібін бастайды.

Қожықов әйгілі режиссер Григорий Рошаль түсірген «Абай әні» фильмін жасауға, өзге де алғашқы қазақ киноларына тікелей атсалысқан.

Сұлтан Қожықовтың алғашқы тәуелсіз туындысы - «Ана мен бала», кейінірек «Біз Жетісуданбыз» картинасын түсірді.

Сұлтан Қожықовтың есімін дүйім жұрт «Қыз Жібекпен» байланыстыруы заңдылық.

Ол - осы картинаны дүниеге алып келген режиссер. «Қыз Жібек» лентасының премьерасына биыл 50 жыл толды.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді