1466

Айыппұлдан шаршаған ер адам 52 камераны сындырып, енді 40 млн теңге айыппұл төлейтін болды

Айыппұлын төлеу үшін халықтан көмек сұрады.

Айыппұлдан шаршаған ер адам 52 камераны сындырып, енді 40 млн теңге айыппұл төлейтін болды
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өзбекстанда айыппұлдан шаршаған азамат бақылау камераларына оқ жаудырып, 1 миллиард сум шығын келтірді.

Өзбекстанда 49 жастағы азамат жол ережесін бұзғаны үшін жиі айыппұл төлеуден қажып, заңсыз әрекетке барған. Ол Андижан қаласындағы 29 көшенің қиылысында орналасқан 52 бақылау камерасын пневматикалық қарумен атып, жарамсыз күйге түсірген.

Азаматтың бұл әрекеті мемлекетке 1 миллиард сум көлемінде шығын келтірді. Бұл сома қазақ валютасымен есептегенде шамамен 40 миллион теңгеден асады.

Қазір күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Айыпталушы өз әрекетін ашық мойындап, салынған айыппұлды өтеу үшін ел тұрғындарынан көмек сұрап, әлеуметтік желі арқылы үндеу жолдаған.

Материал авторы