Меркіде қария 13 жастағы немересін зорлаған

Аиса Махамбет Редактор
25.04.2025, 18:30
1535
Меркіде қария 13 жастағы немересін зорлаған Shutterstock

Әйел қызын зорлаған қайын атасын соттата алмай жүргенін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жамбыл облысында атасы 13 жастағы немересін зорлады деген күдікке ілінді.

Жамбыл облысының Меркі ауданында атасы 13 жастағы немересіне жыныстық зорлық жасады деп күдіктелуде. Оқиға 2024 жылдың 20 сәуірінде болған, деп хабарлайды полиция. Жәбірленушінің анасы бұл туралы e-Otinish порталы арқылы шағым түсірген.

Әйелдің айтуынша, 20 сәуірде қайын атасы үйге заңсыз кіріп, жасөспірімді зорламақ болған. Алайда, 21 сәуір күні полиция қызметкері оған мән бермей, бұл іс әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қарастырылуы мүмкін деп жауап берген. Қыздың психологиялық жағдайы ауыр болып, ол бірнеше рет өзіне қол жұмсамақ болған, ақпан айында оны аман алып қалу жағдайы да болған.

Есесіне, әйел e-Otinish порталы арқылы Тараз қалалық полиция департаментіне шағымданады, соның нәтижесінде Қылмыстық кодекстің 124-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған (Он алты жасқа толмаған адамдарды азғындық жолға түсіру).

Дегенмен, күдікті әлі бостандықта жүр, ал әйел қайын атасының отбасына қоқан-лоқы көрсетуін тоқтатпағанын айтады. Меркі аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісі жәбірленушінің өтініштері мен айғақтарына қарамастан, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарған.

Аталған жағдайға қатысты Stan.kz тілшісі Жамбыл облыстық полиция департаментінен мән-жайды сұрап білді. 

Олардың мәліметінше, қыздың денесінде жарақат болмауына байланысты іс тоқтатылды. 

«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодексітің 124-бабы 1-бөлігі (Он алты жасқа толмаған адамға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жауап алынды. Сараптамалар тағайындалып, беттестіру жүргізілді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, жәбірленушінің денесінде ешқандай жарақат жоқ. 2025 жылы 16 сәуірде Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабының 1-бөлігі 2-тармағының (Іс бойынша қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауынан) негізінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды», – делінген хабарламада. 

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді