Руслан Берденовті атты деген күдікті Ернар Жиембайдың әкесі ресми мәлімдеме жасады

25.04.2025, 18:37
2631
Руслан Берденовті атты деген күдікті Ернар Жиембайдың әкесі ресми мәлімдеме жасады әлеуметтік желіден

Келінім Руслан Берденовті бұрын-соңды көрмеген де, танымайды да дейді әкесі.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Руслан Берденовті атты деген күдікті Ернар Жиембайдың әкесі қайғылы оқиғаға байланысты ресми мәлімдеме жасады.

«Құрметті қазақстандықтар, Шымкент қаласының тұрғындары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

Біздің отбасымыздың атынан 21 сәуір күні орын алған қайғылы оқиғаға байланысты сіздерге үндеу жолдауды жөн көрдім.

Ата-ана үшін бұл жағдай — нағыз ауыр соққы болды. Бүгінге дейін ұлымыз Ернардың осындай қиын жағдайдың ортасында қалғанына сене алмай отырмыз», – деп жазды Жиембай Пралиев.

Сонымен қатар, әкесі тергеу мен соттың барлық жағдайды әділ, жан-жақты қарастыратынына сенім білдіріп, Берденовтің жазылып кетуіне тілектестік білдірді.

«Осы оқиғаға байланысты шын жүректен өкінішімізді білдіреміз. Қандай жағдай болмасын, бірінші кезекте Руслан Берденовтің тезірек сауығып кетуін тілейміз.

Біз тергеу мен соттың барлық жағдайды әділ, жан-жақты қарастыратынына сенім артамыз. Баршаңызды сабырға шақырып, нақты шешім шықпай тұрып, асығыс қорытынды жасамауды сұраймыз», – деп жазды Жиембай Пралиев.

Жиембай Пралиев келінінің Берденовті танымайтынын айтты.

«Ең бастысы – бұл жағдайға еш қатысы жоқ келінімізді араластырмауды өтінеміз. Ол Руслан Берденовті бұрын-соңды көрмеген де, танымайды да.

Осы қиын күндері қолдау білдіріп жатқан жандарға алғысымыз шексіз. Алда бізді ауыр кезең күтіп тұр, дегенмен әділдік пен адамгершілік жеңеді деп үміттенеміз», – деп жазды Жиембай Пралиев.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды