«ЭКСПО ісін» қайта қарау: Ермұрат Бәпи Бас прокуратурадан әділдік талап етті

01.05.2025, 13:35
1841
«ЭКСПО ісін» қайта қарау: Ермұрат Бәпи Бас прокуратурадан әділдік талап етті бейнежазбадан

Депутат Бас прокурор Асыловқа талап қойды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи ел назарын қайтадан атышулы «ЭКСПО ісіне» аударды. Ол бас прокурор Берік Асыловқа жолдаған депутаттық сауалында бұл қылмыстық істі жаңадан ашылған жайттар негізінде қайта тексеруді талап етті.

Бұған себеп – жуырда бірқатар интернет-ресурстарда, атап айтқанда, Ulysmedia.kz және «Время свободы» сайттарында жарияланған Мұрат Омаровтың сұхбаты. Мұрат Омаров – кезінде 14 жылға сотталған ЭКСПО-2017 Ұлттық компаниясының басшысы Талғат Ермегияевтің орынбасары, өзі де 4,5 жылға сотталып, кейін шартты түрде босап шыққан тұлға.

Ермұрат Бәпидің айтуынша, бұл сұхбатта бұрын-соңды жарияланбаған маңызды деректер айтылған.

Сұхбатта көрсетілгендей, «ЭКСПО-дағы жемқорлық» істі қолдан құрастырумен, жалған айғақтармен ұйымдастырылған болуы мүмкін. Мұрат Омаров тергеу мен сот процестері барысында елеусіз қалған, бірақ нақты рөл атқарған адамдарды атады, - дейді депутат.

Иә, ЭКСПО-да жемқорлық болды. Бірақ оны Ұлттық компания басқармасы емес, сол кездегі саяси билік ұсынған кеңесші – Айдос Есполов жасаған. Ал оны істен әдейі шығарып тастаған Кәрім Мәсімов пен Қайрат Қожамжаров, – деп келтіреді сұхбаттан үзінді Бәпи.

ЭКСПО құрылысына мемлекеттен бөлінген 565 млрд теңгенің 10 млрд теңгесі жымқырылған деп танылып, 23 адам сотталған еді. Алайда депутат бұл үкімнің әділдігіне күмән келтіріп отыр. Ол қылмыстық істегі негізгі фигуранттардың бірі саналатын, бірақ ресми тергеуде «анықталмаған тұлға» ретінде көрсетілген адамның аты-жөні мен рөлі тергеу органдары тарапынан неге назардан тыс қалғанын сұрайды.

Пара алған – бар, ал оны берген кім? Тергеу бұл сұраққа нақты жауап бермеді. Бұл істе психикалық ауытқуы бар адам куә ретінде тартылған, сотқа дейін ол есептен алынып, сот аяқталған соң қайта есепке қойылған – бұл қалай?, – дейді Ермұрат Бәпи.

Ол сондай-ақ ЭКСПО жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін жасаған «Рона» ЖШС-нің офшорларға ақша аударуы секілді деректердің тергеу барысында ескерілмегеніне де тоқталып өтті.

Бәпи өз депутаттық сауалында:

Әділет ешқашан жартыкеш болмауы тиіс. «Әділетті Қазақстан» идеясын шын мәнінде жүзеге асырамыз десек, осындай істі қайта қарап, кінәлілер мен бейкүнәларды әділ бағалауымыз керек, – дейді.

Сөз соңында депутат Бас прокурордан сот үкіміне протест жариялап, істі қайта тергеуді ресми түрде сұрады.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді