Қазақстандағы есірткі сайттарын бұғаттауға жасанды интеллект қолданылады

14.03.2023, 20:13
885
Қазақстандағы есірткі сайттарын бұғаттауға жасанды интеллект қолданылады Smartnews.kz

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов үкімет отырысында жеделхат-боттар мен басқа да интернет-ресурстар арқылы есірткі сатумен күресу жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Марат Ахметжанов қазір жоғары технологиялардың дамыған дәуірі екенін және есірткі бизнесі де киберкеңістікке көшкенін айтты.

"Телеграм боттары мен басқа да интернет-ресурстар арқылы есірткі сату кең тараған. Мысалы, биыл тіркелген әр жетінші есірткі қылмысы интернет арқылы есірткі сатумен байланысты. Әрине, біз мұндай интернет-дүкендерді бұғаттаймыз. Биыл олардың 604-ін бұғаттадық. Алайда бұл шара мәселені түбегейлі шешпейді", - Марат Ахметжанов.

Оның айтуынша, жаңа сайттар тез пайда болады. Ал оларды анықтау - ұзақ процесс. Ұйымдастырушыларды анықтау одан да қиын, өйткені олар шетелде.

"Осындай заңсыз контентке тосқауыл қою үшін заманауи аппараттық-бағдарламалық құрал-жабдықтар қажет. Осыған байланысты Кешенді жоспарда тиісті құралдармен қамтамасыз ету қарастырылған. Әңгіме "Аргус", "Айрис", "Тритон" аппараттық-бағдарламалық құрал-жабдықтары туралы болып отыр. Олар әлеуметтік желілер мен веб-сайттар арқылы есірткі тарату фактілерін анықтауды автоматтандырады", - Ішкі істер министрі.

Сонымен қатар министрдің айтуынша, "Кибернадзор" жүйесі сайттарды желіде бұғаттайды.

"Жасанды интеллект өзі анықтап, бірден бұғаттайды. Сонымен бірге ол мұндай сайттардың пайдаланушылары мен ұйымдастырушыларын анықтауға көмектеседі", - Марат Ахметжанов

Бұған дейін ол Қазақстанда нашақорларды анықтау үшін скринингтік тексеруді енгізу жоспарына тоқталған еді. ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жалпы елдегі есірткі ахуалына кері әсер ететін факторларды да атады.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады