Төрт атаға жалғасқан дәстүр: Ұлттық ұланда әулетімен әскери қызмет атқаратын жанұя бар

05.05.2025, 11:23
488
Төрт атаға жалғасқан дәстүр: Ұлттық ұланда әулетімен әскери қызмет атқаратын жанұя бар ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Академиясының 4 курс курсанты Асқар Жалеловтың отбасы ұзақ жылдар бойы әскери қызметке адалдықтың жарқын үлгісін көрсетіп келеді.

Асқардың арғы атасыТөкеш Өтеғали Ұлы Отан соғысына қатысқан. Өкінішке қарай, 1943 жылы Сталинград түбінде болған шайқас кезінде хабар-ошарсыз жоғалғандар тізіміне енген. Бұлқазақ даласының мыңдаған отбасын шарпыған соғыс қасіретінің бір көрінісі. Ал курсанттың атасы – Жалел Төкешов соғыстан кейінгі жылдары Самарқан қаласында радиобайланыс саласында қызмет етіп, ел қорғанысына өз үлесін қосқан. Бүгінде Асқардың әкесіКенжебек Төкешов Ұлттық ұлан қатарында полковник шенінде қызмет етеді.

- Біздің әулет үшін Отан алдындағы борыш қасиетті ұғым. Әкемнің де, атамның да жолы – мен үшін үлкен мақтаныш. Ал балам – Асқардың оқуды ойдағыдай аяқтап, мықты офицерлердің қатарынан табылатынына сенімім мол. Осылайша әскери династияға айналып отырмыз, - дейді полковник Кенжебек Төкешов.

Ата жолын өмірлік бағыт-бағдар етіп ұстанған курсант Асқар Жалеловбала күнінен Отан қорғау ісіне құштар болған.

- Әскери қызмет - ол тек мамандық емес, олөмір салты. Әкем секілдімен де Отанға адал қызмет еткім келеді. Сондықтан қазір атамның ізін жалғап, әскери саладағы радиобайланыс маманы ретінде білім алып жатырмын. Бұл ретте мені арғы атамның майдан даласындағы ерлік істері шабыттандырып отырады. Сол себепті де әскери адам болуды қаладым. Бұлменің арманым ғана емес, отбасымның және елдің алдындағы парызым, -деді курсант А. Жалелов.

Асқар ЖалеловАкадемиядағы үздік курсанттардың бірі. Қазіргіуақытта ол ішкі істер органдарының байланыс жүйесіне жасандыинтеллектіні енгізу бойынша инновациялық жоба дайындап жатыр.

- Мұның бір артықшылығыадам факторын болдырмайды. Жобадажүз пайызға дейін бет-әлпетті тану функциясын қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл жүйе Ұлттық ұланға енгізілген Hytalkpro кешені арқылы ұйымдастырылады, - дейді ол.

Бұл жоба Ішкі істер министрлігінің ғылыми жұмыстар байқауының үшінші кезеңіне өткен. Жас курсанттың бұл бастамасы тек отбасылық дәстүрді жалғау емес, сонымен қатар заманауи технологияны ел қорғанысына тиімді енгізуге деген ұмтылысты білдіреді.

Асқар Жалеловтың отбасыұрпақтар сабақтастығы мен әскери рухтың үзілмеген тізбегі. Елімізде осы секілді әулеттер көп. Сондықтан ҰлыОтан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығында бабалар ерлігін еске алумен қатар, бүгінгі бейбіт өмірдің кепіліне айналған әскери қызметшілерге де құрмет білдірудің маңызы зор. Өйткені олар да – жеңімпаз жауынгерлердің мұрагерлері.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Академия қабырғасында 700-ге жуық курсант білім алады. Олардың арасында Тәжікстан мемлекетінен келіп оқып жатқан курсанттар да бар. Бүгінде әскери білім ордасы білім деңгейімен ғана емес, жаңа инфроқұрылымы секілді артықшылықтарымен де ерекшеленеді.

Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр? «4 жастағы інім де шындықты айтып отыр»: Марқұм келіншектің 7 баласы өз әкелерін соттауды талап етті «Қанатты қалам – 2025» — Сыр өңірінің БАҚ өкілдеріне арналған тағзым мен тағылым жиыны «Ермұхамед Мәуленнің сөзінде шындық бар» – Футбол федерациясының президенті Айтбек Амангелді Qantar қорына өзі хабарласып, ақша сұраған боп шықты «Жүйені өзгерту керек»: 12 үйі бола тұра мемлекеттен ақшалай көмек алып келген отбасы анықталды Tele2 компаниясы 517 миллиард теңгеге арабтарға сатылды Ер адам 89 жастағы анасына күтім жасамас үшін оны өлтіріп тастады Хаменеи атысты тоқтату туралы бітімді жоққа шығарып, Иранды жеңісімен құттықтады Елімізде балалар боғауыз сөз айтқаны үшін ата-аналар жазаланады «100 мың рубльді итке лақтырғандай берді»: Соғыстағы ресейлік сарбаздар жаппай қатерлі ісікке шалдығып жатыр Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті