Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті

26.06.2025, 20:10
833
Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті әлеуметтік желі

Оппозиционер Өзгүр Өзел мерзімінен бұрын сайлау өткізуді талап етті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркиядағы оппозициялық Республикалық халық партиясының (РХП) көшбасшысы Өзгүр Өзел президент Режеп Тайып Ердоғанды мерзімінен бұрын сайлау өткізуге шақырды.

РХП партиясының Бююкчекмедже ауданындағы кездесуінде сөйлеген Өзел соңғы әлеуметтік сауалнамаларда РХП-ға қолдау 40%-дан асатынын, ал Ердоған негізін қалаған Әділет және даму партиясының (AKP) рейтингі 30%-дан төмен екенін айтты.

"РХП-ның рейтингі – 40 пайыздан жоғары, ал сенің партияң – 29 пайыз. Мен сені 29 пайызбен ол жерде тыныш отыруыңа жол бермеймін. Жүрегің дауаласа, 2 қараша, жексенбі күні сайлау жәшігін алып шық!" – деді Өзгүр Өзел.

Айта кетейік, бұған дейін, наурыз айында Өзел президент Ердоғанға сенімсіздік білдіріп, мерзімінен бұрын сайлау өткізу үшін 27,7 миллион қол жинау науқанын бастаған еді. Бұл – 2023 жылғы сайлауда Ердоған жинаған дауыс санына тең. Науқан Стамбул мэрі Экрем Имамоглудың тұтқындалуы және оппозициялық мэрлерге жасалған қысымнан кейін басталды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды