«Күдіктілер 15 жаста»: Атырауда бір топ жасөспірім 2 балаға зорлық пен қастық жасаған (ВИДЕО)

12.05.2025, 09:57
1330
«Күдіктілер 15 жаста»: Атырауда бір топ жасөспірім 2 балаға зорлық пен қастық жасаған (ВИДЕО) бейнежазбадан

8 сынып оқитын жасөспірімдерге қастық жасаған күдіктілер ұсталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда 2 жасөспірімге қасақана дене жарақатын салған күдіктілер ұсталды.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға мұнайлы шаһар маңындағы Еркінқала ауылдық округінде болған. 

- Екі жасөспірімге қасақана дене жарақатын салған барлық күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Күдіктілердің кәмелет жасына толмауына байланысты заңды өкілдерінің қатысуымен жауап алынады. Қазір аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жәбірленушілерге сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау басталған.

Айта кетейік, бұған дейін желіде жәбірленушінің анасы атыраулық қоғам белсендісі Рүстем Баязиевке хат жолдаған еді.

- Кеше Еркінқала орта мектебінде оқитын, 8-сыныптағы жасөспірім баламды сабақтан шыққан соң шаруашылық жұмысына бармағаны үшін аяусыз таяқпен сабаған. Ұрып-соққан бір баланың әкесі - өзі құқық қорғау органында жұмыс істейді екен.

Кеше полицияға арыз жаздық, бірақ істі жылы жауып тастайды ма деп қорқып отырмыз. Сізден әділдік сұрап, осыны жазып отырмын. Баламды ұрып, жұмыс істеуге мәжбүрлеп, ақша талап етіп, бопсалаған, - деп хат жазды шарасыз ана.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды