«Күйеуін қолдан келгенше адам қылды»: Сексолог әйел 10 жыл бірге тұрған күйеуін пышақтаған

Азиз Қалижан Редактор
13.05.2025, 18:40
509
«Күйеуін қолдан келгенше адам қылды»: Сексолог әйел 10 жыл бірге тұрған күйеуін пышақтаған жеке мұрағаттан

Өлімнен қорыққан күйеу қашамын деп 2 қабаттан секіріп кеткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, пышақпен шабуыл жасағаны үшін Петербургтік сексолог 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ресейлік азамат 37 жастағы Валентина (кейіпкерлердің аты өзгертілген – ред.) өз әлеуметтік желідегі парақшаларында өзін былай сипаттайды:

«Психолог, сексолог және екі керемет ұлдың анасы».

Жымиып тұрған әйел тренингтерге шақырады, депрессиядан шығу жолымен бөліседі, ашуды басқару курстарын жарнамалайды, төсектегі еркіндікті және отбасындағы үйлесімділікті үйретеді. Әр жазбасы – жылы, жайдары кейіпте. Бірақ осы аптада ол күйеуі Ильяны пышақтап өлтіре жаздады – ер адамды қуалап жүріп жаралаған. Оқиғаға полиция мен жедел жәрдем араласқаннан кейін ғана жағдай тұрақталған.

Валентина мен Илья бірге 10 жылдан астам уақыт өмір сүрген. Достарының айтуынша, олар бір зауытта танысып, тез арада ғашық болып, шаңырақ көтерген. Балалы болуды да кейінге қалдырмаған. Валентина 2022 жылы практик-психолог болып жұмыс істей бастаған. Жақын құрбыларының айтуынша, оның бұл салаға ауысуы бекер емес – үй шаруасы мен бала тәрбиесінен әбден қажыған, күйеуімен де жиі ұрысып жүрген. Психикасын сақтау үшін өзге жол іздеген.

– Илья ішімдікке салынатын. Кейде «ақ түйе» көріп, өз-өзін танымай кететін, – дейді Валентинаның достары. – Валя оны емдетіп, қолдан келгенше қамқор болды, бірақ нәтиже болмады. Ішіп алғанда, күйеуі оған қол көтеретін. Валя: «Мен енді оған әйел емеспін, ұруға арналған боксерлік қап сияқтымын. Ол мені ұра береді. Одан қорқамын. Қазір қолыма үнемі бұрыш баллон ұстап ұйықтаймын», – деп мұңын шағатын.

Таныстарының сөзінше, Валентина күйеуін бірнеше рет дәрігерлерге апарған. Бірақ нәтиже – уақытша. Бір-екі айдан кейін бәрі қайта басталатын. Әйел тіпті Ильяға жеке пәтер жалдап, қасына әлеуметтік қызметкер қойғысы келген – тек балалар мен өзін мазаламасын деген ниетпен. Бұл жанжалдар Валентинаның психологиялық жағдайына да кері әсер еткен.

– Соңғы кезде мінезі өзгере бастады. Біртүрлі әрекеттер жасайтын. Ішінде жиналып қалған ашуы бар секілді. Кейде таныстарына агрессия танытатын, мүлде танымай қалатынбыз, – дейді оның жақын құрбысы.

Қанды оқиға болардың алдында Валентина мен Илья 9 Мамыр – Жеңіс күнін атап өткен. Олар алдымен Колпинодағы отшашуды бірге тамашалап, кейін Ильяның досы – дәнекерлеуші танысының «үш бөлмелі» пәтеріне баруды ұйғарған. Қазір тергеушілер сол пәтерде нақты не болғанын Ильяның досының айтқанынан ғана біледі, өйткені ерлі-зайыпты таң ата жансақтау бөліміне түсіп қалған.

Дәнекерлеушінің сөзінше, олар ішімдік ішкеннен кейін Валентина кенеттен айқай-шу шығарып, істі ушықтырып жіберген.

– Ол еш себепсіз күйеуін балағаттап, ұрыса бастады. Не болғанын сұрадым, бірақ ол мені тыңдағысы келмеді. Мен де, Илья да үндемей, сабасына түсер деп күттік. Бірақ бәрі одан сайын ушыға түсті. Валя ыдыс-аяқты лақтырып, күйеуіне қарай шашып жатты. Бір кезде ол қолына пышақ алды. Илья пышақты тартып алмақ болды, бірақ Валя оны еденге жығып салды – өзі ірі, физикалық тұрғыда мықты әйел. Қанша рет пышақ сұққанын нақты көрмедім, бірақ пышақты жұлып алып, жасырып үлгердім, – дейді ол тергеу кезінде.

Жарақат алған Илья ашуға булыққан әйелінен қашу үшін, көмекке шақыра алсам деген үмітпен екінші қабаттан секіріп кеткен. Алайда Валентина да қарап қалмай, оның артынан секіріп түскен. Бірақ ауыр жарақат алып, тұра алмай қалған. Илья да ұзаққа бара алмаған. Оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция шақырылған.

Бұл кезде Валентинаның құрбылары оқиғаның басқа сценарийін де жоққа шығармайды. Олардың айтуынша, бұл – өзін-өзі қорғау әрекеті болуы мүмкін, ал шын мәнінде бірінші болып Илья шабуыл жасаған. Шындықты тергеу мен сот анықтайды.

Қазіргі уақытта Валентинаға қасақана ауыр дене жарақатын келтіру бабы бойынша айып тағылып отыр. Оған 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі бар. Ерлі-зайыптылардың балаларына уақытша туыстары қарайды. Ал ерлі-зайыптылардың жағдайы әлі де ауыр.

«Маған «албасты» деді»: Меруерт Түсіпбаева Майра Ілиясованың теріс қылығын әшкереледі «Күйеуін қолдан келгенше адам қылды»: Сексолог әйел 10 жыл бірге тұрған күйеуін пышақтаған «Болашағынан зор үміт күтіп едік»: Ресейлік белгілі скрипкашы қызды хирург өлтіргені белгілі болды «Жәрдемақысын сіңілісі алады»: Шымкенттік тыл ардагері қоқыс пен жәндік қаптаған жерде тұрып жатыр (ВИДЕО) «Жыныс мүшесін шығарып қозғады»: АҚШ-тағы қазақ студенттері педофилді ұстап алды (ВИДЕО) «Заң мен тәртіп»: елорда мектептері арасында қойылымдар байқауы өтті Төмен күнкөрістен шаршаған ақтаулық рекордсмен Ұлыбританиядан саяси баспана алды Маңғыстау жасөспірімдер арасындағы жүктілік бойынша көш бастап тұр «15 жылда тілімізден айырыламыз»: Қырғыздар қазақ тілінен қорқып отыр Трамп Америка түрмелеріндегі қылмыскерлерді Еуропаға жібергісі келіп отыр Фариза Төреәлі қызының тұсауын кесіп, қоныс той жасады (ВИДЕО) «Қайдағы кокаин?!»: Макронды «нашақор» деп айыптаған Ресей саясаткеріне Париж жауап қайтарды «Су ағызып жатыр»: Жетісуда бейіттерді су шайып кетті (ВИДЕО) Енді Германия Украинаға қару жібергені туралы ақпарат құпия болады «1 млн еуро беруге уәде берді»: Лондонда болгарлық Ресей тыңшылары қолға түсті Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімге сот шешім шығарды «Путиннен өткен жағымсыз»: Трамп билікке қайта оралғаннан кейін АҚШ-тың әлемдегі беделі күрт төмендеді Америкалықтар асырап алған қарағандылық қыздар 20 жылдан соң елге оралды «Кішкентай інісі, өз әйелі мен өгей баласы»: Туыстарын аяусыз өлтірген қаскөй өмір бойына қамалды LRT-ның ақшасын жымқырды деп айыпталған Талғат Ардан Түркияда ұсталды