SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Ұзынағаш ауылында кәмелетке толмаған жасөспірімді бірнеше жерінен пышақтап кеткен деген күдікпен тағы бір жасөспірім іздестіріліп жатыр.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті оқиға орнынан бой тасалап кеткен, қазіргі таңда оның қайда екенін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.
"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында кешенді тергеу және жедел іс-шараларды қолға алды", – деп мәлімдеді құқық қорғау органдары.
Бейресми мәліметтерге сәйкес, күдікті бұған дейін де сотты болған.