Макрон әйелінің әрекеті туралы түсіндірді (ВИДЕО)

27.05.2025, 09:45
1015
Макрон әйелінің әрекеті туралы түсіндірді (ВИДЕО) бейнежазбадан

Ұшақтан түсер алдында Эммануэль Макронды әйелі шапалақпен ұрып жібереді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Франция президенті Эммануэль Макрон мен жұбайы Брижиттің Вьетнамға сапары кезінде болған бір сәт әлеуметтік желіде қызу талқыланды.

Камера объективіне түсіп қалған видеода Брижиттің күйеуінің бетін итеріп, түрткі бергені анық көрінеді. Алайда бұл жағдай отбасылық жанжал емес, әзіл-қалжың болды, дейді тараптар.

Макрон 26 мамырда бұл жайлы журналистерге:

«Жәй қалжыңдасып жатқан едік. Ешқандай дау-жанжал болған жоқ. Ұсақ нәрсе», – деп түсініктеме берді.

Елисей сарайы да бұл әрекетті «жол жүрер алдындағы отбасылық еркін сәт, күлкі мен жақындық көрінісі» деп сипаттады.

AP агенттігі жариялаған кадрларда Брижит Макрон күйеуінің бетінен ұрып, бір сәтке қолын итеріп тастағаны анық байқалады. Бұл әрекет камерада түсіп қалғанын байқаған Эммануэль Макрон жымиып, камераға қол бұлғап жауап қайтарды. Кейін ерлі-зайыптылар бірге ұшақ трапынан түсті. Дегенмен Брижит Макрон күйеуінің қолын ұстаудан бас тартқандай көрінді.

Мәскеу де бұған ресми үн қатты. Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Telegram-да:

«Макрон Вьетнамға қонғанда жұбайынан оңдырмай «шапалақ» алған сәт бүкіл әлемді шарлап кетті. Енді Елисей сарайы бұл жолы қандай «аңыз» ойлап табатынын көрейік», – деп жазды.

Сондай-ақ Захарова бұған дейінгі бір оқиғаны еске салды. Онда Макрон мен Германия канцлері Фридрих Мерц журналистер көзінше «ақ ұнтақ» салынған пакетті жасырғандай көрінген болатын. Кейін жоғары сапалы суреттерді зерттеген БАҚ бұл тек қағаз майлық пен тіс шұқығыш болғанын анықтады.

 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды