Қазақстандықтар теңгелік депозиттері бойынша өтемақы алады

17.03.2023, 09:43
496
Қазақстандықтар теңгелік депозиттері бойынша өтемақы алады inbusiness.kz

Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры 2023 жылдың 16 наурызында теңгелік салымдар бойынша өтемақы (сыйлықақы) есептеуге арналған қаражат екінші деңгейдегі банктерге келіп түскенін айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

"Өтемақы төлеу рәсімінің аяқталып келе жатқандығын қуана хабарлаймыз. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 15 наурызда банктерден салымшылардың ақтық тізілімін алып, оларды операторға жолдады. Жақын күндері банктер төлемдерді толық көлемде аяқтайды", - деді ҚДКБҚ Төрағасының орынбасары Алмас Құдайбергенов.

«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ пен «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ ақшаларды банктерге аударды. Аударылған қаражаттардың жалпы сомасы 306,6 млрд теңге болды. Ал мемлекет тарапынан 10-пайыздық сыйлықақыны алатын салымшылар саны 2 млн 615 мың 772 адамды құрады.

Қағидаларға сәйкес, екінші деңгейдегі банктер екі жұмыс күні ішінде (соңғы күнін қоса алғанда 2023-тің 20 наурызына дейін) тиесілі сыйлықақыны өтініш берген депозиторлардың шоттарына аударады.

Теңгелік депозиттер бойынша 10%-дық сыйлықақы Қаржы министрлігі мен Қазақстанның Ұлттық Банкінің қаражаттары есебінен төленеді.

Банктер сыйлықақы төлеуге өтініштерді бес ай бойы – 2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың ақпанына дейін қабылдады. Өтініштерді қабылдау ағымдағы жылдың 10 ақпанында аяқталды.

Сыйлықақыны есептеу бойынша толыққанды ақпарат алу үшін салымшылар депозиттері ашылған банктерге жүгінулері тиіс.

Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды Пәкістан мен Ауғанстан арасында қақтығыс басталды Путин Назарбаевпен кездесу өткізді Түркияда қазақстандық мұғалім әріптесін зорламақ болған Сәкен Майғазиев ұлының тойына 2000 адамды қонаққа шақырған (ВИДЕО) Декреттегі мұғалім өзінің екі баласын тұншықтырып өлтірген Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген сақ алтындары Ұлттық мұражайға берілді