Жалғызбасты ана өзін бірнеше ер адам ұрлап әкетіп, мәжбүрлеп жындыханаға жатқызғанын айтты (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
27.05.2025, 16:51
1317
Жалғызбасты ана өзін бірнеше ер адам ұрлап әкетіп, мәжбүрлеп жындыханаға жатқызғанын айтты (ВИДЕО) бейнежазбадан

Шымкенттік келіншекті балаларының көзінше бейтаныс еркектер үйден күштеп алып кеткен. Әйел ол жақтан қашып шыққанын айтып, елден көмек сұрады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкент қаласында жалғызбасты ана Фаузия Ахметова өзін белгісіз үш ер адамның Түркістандағы үйінен күштеп алып кетіп, «Көмек центр» деп аталатын оңалту мекемесінде 10 күн бойы заңсыз ұсталғанын мәлімдеді.

Әйелдің айтуынша, 25 сәуір күні таңғы сағат 05:30 шамасында оны балаларының көзінше белгісіз адамдар алып кеткен. Шымкенттегі орталықта оны медициналық немесе құқықтық негізсіз ұрып-соғып, беймәлім құжаттарға қол қойдыруға мәжбүрлеген.

«Есірткі немесе психобелсенді заттарға еш қатысым жоқ, еш тіркеуде тұрмаймын. Қарсыласқаным үшін дәрі ішкізіп, байлап тастады. Өз-өзіме қол жұмсап, қолымды бірнеше рет кестім», – деді ол видеоүндеуінде.

Ахметова 5 мамыр күні ғана туыстарымен байланысқа шығып, солардың көмегімен орталықтан шыққан. Оның айтуынша, сол мекемеде кәмелетке толмаған балалар да заңсыз ұсталып отырған.

Фаузия Ахметова Шымкент қалалық Полиция департаментіне арыз жазғанымен, жиырма күн өтсе де тергеу басталмағанын айтты. Ол орталықтың әлі де жұмыс істеп тұрғанын, құқық қорғау органдары мен мекеме арасында ықтимал сыбайластық барын жоққа шығармайды.

Ал полиция департаменті бұл іс бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді.

«Орталықтың қызметі, құжаттамасы және екі тараптың уәждері зерделеніп жатыр. Тергеу заң шеңберінде жүргізілуде», – деп хабарлады ведомство.

Фаузия Ахметова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, істі жеке бақылауға алып, кінәлі тұлғалардың жауапқа тартылуын сұрады.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды