Қарағандыда асырап алған ата-анасынан қорлық көрген балалар сотқа куәлік берді

29.05.2025, 10:59
1079
Қарағандыда асырап алған ата-анасынан қорлық көрген балалар сотқа куәлік берді бейнежазбадан

Ерлі-зайыпты балаларды әбден азаптап, оларға сиырдың жапасын жегізген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағандыда асыранды балаларды азаптап, қорлаған отбасыға қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі өтіп жатыр. Бүгінгі отырыста жәбірленуші балалар алғаш рет сот алдында түсініктеме берді. Бұл туралы "КТК" арнасы жеткізді.

Балалар патронаттық отбасында жылдар бойы ауыр еңбекке жегіліп, ашқұрсақ жүргендерін айтты. Бір баланың айтуынша, ол ауыр жұмыс пен дұрыс күтімнің болмауынан мүгедек болып қалған. Тағы бірі үйдің туған ұл-қыздарын «ханзада» мен «ханшайым» деп атауға мәжбүр болғанын жеткізді.

— Бізге «оларды ханшайым, ханзада деп атаңдар» деп бұйыратын, — деді жәбірленуші.

Балалардың айтуынша, асыранды отбасы мемлекеттен алған қаражатты өз қажетіне жұмсап, балаларға тек арзан резеңке етік пен бір рет қана спорттық аяқ киім сатып алған. Киім-кешек ретінде көбіне ескі-құсқы киімдер берілген.

— Бізге көбіне макарон мен бұршақ беретін. Кейде тіпті сиырдың жапасын жеуге мәжбүр ететін, — деді тағы бір бала.

Сотта айтылған тағы бір сұмдық мәлімет — бір бала 8 жасында оқтаумен соққы алып, бас сүйегіне пластина орнатылған. Сол оқиғадан кейін ол жансақтау бөліміне түскен, қазіргі уақытта мүгедек.

— Мені оқтаумен ұрды. "Әткеншектен құладым деп айт" деді. Бірақ мен дәрігерлерге шындықты айттым. Осы жеріме пластина қойды, мына тұсымды тікті, — деді ол сотта.

Сараптама нәтижесінде балалардың денесінде 19-дан 47-ге дейінгі тыртықтар анықталған. Кейбірі үйде көрген қорлықты мектеп мұғалімдеріне айтқанын жеткізді. Алайда ол кезде тиісті органдар тарапынан ешқандай әрекет болмаған. Қылмыстық іс тек біраз уақыт өткен соң қозғалған.

Сот отырыстары жалғасуда. Алдағы уақытта қалған балалар да жауап береді деп күтілуде.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады