Түркістанда 12 жастағы оқушыны сыныптасы қылқындырып өлтірген

Азиз Қалижан Редактор
29.05.2025, 12:50
1468
Түркістанда 12 жастағы оқушыны сыныптасы қылқындырып өлтірген Stan.kz

Мұғалім балаларды қараусыз тастап кеткен кезде, балалар төбелес шығарған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысында 12 жастағы Ұлағат Сайдұлланы сыныптасы қылқындырып өлтірген. Қайғылы жағдай сабақ кезінде мектеп ішінде болған.

Марқұмның анасы Гүлмира Көшееваның айтуынша, балалар мұғалімнің қарауынсыз қалып, телефон үшін жанжал кезінде бірі екіншісін тұншықтырған. Оқушы есінен танып құлаған соң, сыныптастары су шашып, қолдан келгенінше көмек көрсетуге тырысқан. Бірақ мұғалімдер келгенше бала көз жұмған.

— Қасындағы бала телефон алып барған. Бұл тартып алған. Артынан қуып келіп, партада отырған жерінен қылқындырыпты. Ешкім араша болмаған. Мұғалім жоқ. Оқушылар медбикені де шақырмаған, өздері су шашып әлек болған, — дейді Гүлмира Көшеева.

Оқиға 7 ақпан күні болған. Анасы ұлын мектепке аман-сау жібергенімен, бірнеше сағаттан кейін мектепке шақыртылып, ұлын ес-түссіз күйде көрген. Ұлағат сол жерде жан тапсырған.

Анасының айтуынша, пән мұғалімі — мектеп директорының орынбасары — оқушылармен бірге болмай, жеке кабинетінде отырған. Сынып жетекшісі мектепте болмаған, ал кезекші мұғалім балалардың айқайын ести тұра, есікті жауып кетіп қалған.

— Мұғалімдер “балада жүрек ауруы болған, эпилепсиясы бар” деді. Бірақ сараптама нәтижесі баланың денсаулығында еш кінәрат болмағанын көрсетті. Ресми қорытынды — қылқындыру. Тілі жұтылып, демі тоқтаған, — дейді анасы.

Оқиғадан соң мектеп директоры, оның орынбасары және тағы төрт мұғалім қызметінен босатылған. Алайда олар қайта жұмысқа орналасу үшін еңбек инспекциясына шағым түсірген.

— Еңбекті қорғау инспекциясы шешімнің заңдылығын тексеріп жатыр. Бізге берілген нұсқамада бұйрықтардағы баптар дұрыс көрсетілмегені жазылған, — деді А.Оразбаева атындағы мектеп директоры Өмірсерік Кенжеев.

Полиция бұл оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме бермеген. Белгілісі, қайтыс болған баланың сыныптасын кінәлі деп танып, оның ата-анасына айыппұл салынған.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды