Қарағандыда сайлау комиссиясы мүшесі үгіт-насихат материалын таратумен айналысқан

17.03.2023, 13:47
470
Қарағандыда сайлау комиссиясы мүшесі үгіт-насихат материалын таратумен айналысқан smartnews.kz

Қарағанды облысында учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі үгіт-насихат материалын таратумен айналысқан. Ал бұған заң бойынша тыйым салынады. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Сайлауалды науқан барысында прокурорлар 11 бұзушылықты анықтады. Атап айтқанда, Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 114-бабы бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіт материалдарын бүлдіргені үшін 6 азаматқа айыппұл салынды. Алматыда пәтер иелері кооперативінің төрағасы қалалық мәслихат депутаттының кандидатына тұрғын үйлердің кіреберісінде үгіт материалдарын орналастыруға рұқсат беріп, басқа кандидатқа тыйым салған. Осылайша ПИК басшысы кандидаттың үгіт-насихат жұмысына кедергі келтірді. Айыпты жауапқа тартылды», - деді Жандос Өмірәлиев Орталық сайлау комиссиясы отырысы барысында.

«Қарағанды облысының тұрғыны учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі бола отырып, аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттың үгіт материалдарын таратқаны анықталды. Бұған заңмен тыйым салынған. Осыған байланысты оған айыппұл салынды. Одан бөлек, Түркістан облысында қалалық мәслихат депутаттығына кандидат сайлау алдындағы үгіт жүргізу шарттарын бұзды. Ол құм-қиыршық тас қоспасын төсеу бойынша тегін қызмет көрсеткен. Сот оған әкімшілік құзықбұзушылық кодексі 122-бабының 2-бөлігі бойынша айыппұл салды», -дейді ол.

«Бір апта сөйлеуге рұқсат жоқ»: Роза Әлқожа ауыр дертпен күресіп жүргенін айтты Сәкен Майғазиев келін түсірді: әншінің ұлы Әділет сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады «Әрең алған атағым «ұшып» кетті»: Мадина Сәдуақасова әскери шені туралы ашық айтты Қой да көмектеспеді: «Атырау» клубы құрбандық шалса да, ойында жеңіліп қалды Тұрымтай тағамға айналды: Мейрамханалар торғай етін менюге кіргізді Адвокат: «Шерзаттың сотында шыққан үкім халыққа ұнамауы мүмкін» «Жатақханамен бірге 3 млн теңге»: Назарбаев зияткерлік мектептерінде оқу құны арзандады «5 айлық зағип қыздың ақшасын «жеген»: Ілияс Сариевтың тағы бір «ұрлығы» әшкере болды 3 күн бітімге келейік деген Путин өз уәдесінде тұрмады Тоқаев енді Ресейдегі парадқа қатысады «Мен сүрінсем, құламауымды тіледің»: әнші Тоқтар Серіков әйелінің туған күніне ерекше сыйлық жасады (ФОТО) Каспийлік итбалық жолаушыны алдап соқты (ВИДЕО) Әкімдік Жеңіс парадына өткізбеген еңбек ардагерінен кешірім сұрады «Шапағат» сауда үйінде 10-ға жуық бутик өртенген Теміржол бойынан табылған мәйіт: Алматы облысында кісі өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Air Astana Үндістанға баратын әуе рейстерін тоқтатты «Сенат заңды мақұлдады»: Қазақстан жерін АҚШ-қа 49 жылға жалға береді Алматы тауларында жүрген студент қыз қайтыс болды Украинада доллардан еуроға көшу идеясы қарастырылып жатыр Бүгінгі күннің ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды