Трамптың атынан тағы бір заң: 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды

05.06.2025, 11:11
6154
Трамптың атынан тағы бір заң: 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды AP Photo/Evan Vucci

Трамп аталмыш 12 ел АҚШ-тың қауіпсіздігіне кедергі келтіреді деп қорқып отыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп 12 елдің азаматтарына елге кіруге тыйым салатын жаңа жарлыққа қол қойды. Бұл шешім келесі дүйсенбіде күшіне енеді.

Тыйым Ауғанстан, Мьянма, Чад, Конго Республикасы, Экваториалдық Гвинея, Эритрея, Гаити, Иран, Ливия, Сомали, Судан және Йемен елдерінің азаматтарына қатысты.

Сонымен қатар Бурунди, Куба, Лаос, Сьерра-Леоне, Того, Түрікменстан және Венесуэла тұрғындарына шектеулі режим енгізіледі.

АҚШ билігінің мәліметінше, жарлық ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылданған. Бұл шешім Трамптың 2025 жылғы 20 қаңтарда инаугурация күні қол қойған құжатымен бекітілген.

Бұған дейін Трамп 2017 жылы президенттік мерзімі кезінде мұсылман елдеріне қатысты ұқсас шектеулер енгізген. Ол кезде жеті елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салынған болатын.

Жаңа тыйым АҚШ Мемлекеттік департаменті, Ішкі қауіпсіздік министрлігі және Ұлттық барлау директорының бірлескен талдауы негізінде қабылданған.

Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды