Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды
Кеше түскі уақытта жоғалып кеткен қаршадай қыздың өлі денесі түнде өзеннен табылған еді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 8 жасар қыз 5 маусымда үйінен шығып кеткен. Құлсары қаласындағы көше камерасына ер адамның жасөспірімді ертіп бара жатқаны түскен.
– Жылыой аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді. Жасөспірімді өлтірді деген күдікпен Құлсары қаласының 36 жастағы тұрғыны жедел ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Кейін сот санкциясымен қамауға алынды, -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір аталған дерекке қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр.
– Елімізде мұндай ауыр қылмыс үшін ең қатаң жаза қарастырылған. Жасөспірімнің өліміне байланысты қозғалған қылмыстық істі тергеу барасы Атырау облыстық полиция департаменті бастығының ерекше бақылауына алынды, -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жасар қыздың мүрдесі Құрсай өзенінен табылғанын жазған болатынбыз.
Материал авторы