Израиль мен Иран арасындағы 12 күндік соғыс тоқтады

24.06.2025, 09:47
209
Израиль мен Иран арасындағы 12 күндік соғыс тоқтады Getty Images

Трамп хабарлап, Иран растады. Ал Израиль әлі үнсіз.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Иран арасындағы 12 күнге созылған соғыстың аяқталғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, толыққанды бітім туралы келісімге қол жеткізілген. Бұл туралы The New York Timesхабарлады.

Президент Трамп Truth Social желісінде жариялаған жазбасында атыстың кезең-кезеңімен тоқтатылатынын атап өтті:

«Иран оқ атуды тоқтатады, 12 сағаттан кейін Израиль де қару қолдануды доғарады. 24 сағаттың ішінде бұл соғыстың ресми түрде аяқталғанын әлем мойындайды», – деді ол.

Трамп екі елдің сабырлығы, батылдығы мен парасатының арқасында "жылдарға созылып, Таяу Шығысты жойып жіберуі мүмкін" соғыстың алдын алғанын айтты.

«Құдай Израильге жар болсын. Құдай Иранға жар болсын. Құдай Таяу Шығыс пен бүкіл әлемге жар болсын!» – деді Трамп.

АҚШ басшысы Нидерландыда өтетін НАТО саммитіне аттанар алдында бұл мәлімдемесін жасап, бұл нәтижеге жету үшін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен тікелей сөйлескенін хабарлады. Сонымен қатар, АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен арнайы өкіл Стив Уиткофф Иранмен тікелей және делдалдар арқылы келіссөздер жүргізген.

Келісімге Катар мемлекеті де үлкен үлес қосқан. Трамп Катар әмірі Тамим бин Хамад әл-Таниге алғыс айтты. Бұған дейін Катар Газа секторындағы Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату келіссөздерінде де маңызды рөл атқарған болатын.

Иран мемлекеттік телеарнасы сейсенбі күні таңертең атыстың тоқтағанын жариялады. Бұл АҚШ президентінің мәлімдемесінен бірнеше сағат кейін болды. Алайда Израиль тарапы ресми пікір білдірмеді. Дегенмен, Ираннан келген зымыран шабуылдарынан кемінде 4 адам қаза тапқаны хабарланды.

Иран сыртқы істер министрі Аббас Арагчи бастапқыда Х (бұрынғы Twitter) желісінде ешқандай бітімге келіспегендерін айтып, «Израиль заңсыз агрессиясын тоқтатса ғана шабуылдарды доғарамыз» деген болатын. Оның айтуынша, Иран әскері Тегеран уақытымен таңғы 4-ке дейін соққыларын жалғастырған.

Кейінгі жазбасында Арагчи шабуылдар аталған уақытқа дейін жалғасқанын растады, алайда қазіргі уақытта атыс тоқтағанын нақтыламады.

Иран мен Израиль арасындағы атыс ресми тоқтағанымен, АҚШ пен Иран арасындағы ядролық бағдарламаға қатысты шиеленіс жалғасуда. Жексенбі күні Трамп Иранның Фордо, Натанз және Исфахан қалаларындағы ядролық объектілеріне соққы беруге бұйрық берген еді. Бұған жауап ретінде Иран дүйсенбі күні Катардағы «Аль-Удейд» америкалық әскери базасына зымыран атқан.

Трамп бұл шабуыл туралы АҚШ пен оның одақтастарына алдын ала ескерту бергені үшін Иранға алғыс айтты.

«Олар ішіндегі ашуын осылай шығарып, әрі қарай сабырға келеді деп үміттенеміз», – деді Трамп.

Атырауда ер адам подъезде никабтағы қызды аяусыз соққыға жыққан (ВИДЕО) «Концерттен шеттетті, иіскеуім керек деді»: Әнші Наркенже Серікбаева басшылықты әшкереледі #нетамашалаймыз: TikTok Қазақстанда жергілікті киноиндустрияны қолдау жобасын іске қосты «Бумажный дом» сериалының авторы мен қазақстандық продюсерлердің Netflix-ке арналған жобасы Comic Con Astana фестивалінде таныстырылады Мирзиёевтің үлкен қызы Өзбекстан Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды Оралда 22 жастағы полицей өз үйінің ауласында суицид жасаған Астаналық экс-депутат вилланың фонындағы сурет үшін БАҚ-ты сотқа беріп, жеңіліп қалды Трамп мәлімдеген бітім күшіне енбей жатып, Иран мен Израиль атысты жалғастырды Құбыр тағы жарылды: Алматыда ыстық су көшеге ақты Перизат Қайраттың соты тікелей эфирде көрсетуі мүмкін Израиль мен Иран арасындағы 12 күндік соғыс тоқтады Еліміздің 18 облысында дауылды ескерту жарияланды Алтынай Жорабаева кісі қайтқан жерге мобилограф ертіп келетін жұлдыздарды сынап тастады Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа адаммен жаңа өмір бастағалы жатыр Ирандағы босқындар Каспий асып келуі мүмкін бе? Сыртқы істер министрі жауап берді Енді инвесторды прокурордың рұқсатынсыз тексеруге болмайды Жандос Өмірәлиев: «Қылмыс деңгейінің төмендеуі – қоғамдағы оң өзгерістердің көрінісі» Бас прокуратура: Жалған ақпаратты жиі тарататын – жастар Енді іздеудегі адамдарды жасанды интеллект анықтайды Бас прокурордың орынбасары алаяқтарды анықтау жұмыстары күшейтілгенін жеткізді