«Концерттен шеттетті, иіскеуім керек деді»: Әнші Наркенже Серікбаева басшылықты әшкереледі

Аиса Махамбет Редактор
24.06.2025, 14:12
1379
«Концерттен шеттетті, иіскеуім керек деді»: Әнші Наркенже Серікбаева басшылықты әшкереледі бейнежазбадан

Әнші филармония басшысынан көрген қысымды жария етті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал дәстүрлі әнші, ҚР «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Наркенже Серікбаева Түркістан облыстық Шәмші Қалдаяқов атындағы филармония басшысы тарапынан қысым көргенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жариялаған бейнеүндеуінде айтты.

«Филармония басшысы Ғалымжан мырза киімің жоқ деген сылтаумен мені сахнадан шеттетіп, «Менің алдыма отыр, мен сені иіскеуім керек» деген сөздер айтты. Бұл — менің ғана емес, көп қыз-келіншектің көріп жүрген қорлығы. Қанша жыл қызмет еттім, мұндай әділетсіздік болмаған еді»,— деді ол.

Серікбаеваның айтуынша, басшылық оның абыройын қызметкерлердің көзінше таптап, сахнаға шығуына тыйым салған. Әнші бұл әрекетті өзінің «махаббат құрмағаны» және шындықты айтқаны үшін жасалған қысым деп есептейді.

«2003 жылдан бері осы мекемеде жұмыс істеп келемін. Мен бұл жерден зейнетке шыққым келеді. Сахнадан осылай шеттету — әділетсіздік. Осы жолы соңына дейін барамын», — деді ол.

Кейіннен филармония директоры Ғалымжан Ерназаров ресми мәлімдеме жасап, өзіне тағылған айыптарды теріске шығарды. Оның айтуынша, әнші жұмысына дұрыс қатыспаған.

«Соңғы уақытта Наркенже ханым жиі гастрольде жүр. Бірде Қызылордада, бірде Жезқазғанда. Жұмысқа мүлде келмейді. Біз оны жұмыстан босатуымыз керек еді, бірақ жанашырлық таныттық», — деді ол филармонияның ресми парақшасында жарияланған видеомәлімдемеде.

Директор өзіне қатысты мәлімдемелер үшін сотқа жүгінгенін айтып, шешімді заң органдары шығаратынын жеткізді.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)