«Алты баласы қалды, кенжесі бес айлық»: Кішкентай қызды құдықтан құтқармақ болған марқұм бапкер туралы тың ақпарат айтылды

Азиз Қалижан Редактор
24.06.2025, 16:04
837
«Алты баласы қалды, кенжесі бес айлық»: Кішкентай қызды құдықтан құтқармақ болған марқұм бапкер туралы тың ақпарат айтылды instagram.com/galymbek_zhaxylyk

Ақтөбеде көршісінің қызын құтқармақ болған бапкердің тағдырын журналист баяндап берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысы Жарлы ауылында көршісінің қызын құтқармақ болған бапкер Нұрбол Бердіғалиевтің өлімі елді есеңгіретті. 9 жасар қыз бала қоқысқа толы терең құдыққа құлап кеткенде, 1987 жылғы жаттықтырушы көмекке ұмтылып, артынан өзі де ажал құшты. Марқұмның артында алты бала қалды. Бұл туралы спорт журналисі Ақырыс Сейітқазы жазды.

“Бердіғалиевтің артында 2014, 2015, 2018, 2019, 2022 және 2025 жылы туған алты баласы қалды. Ең кенжесі — бес айлық. Жұбайы жұмыс істемейді. Отбасы мемлекеттен небәрі 94 мың теңге жәрдемақы алады”, – деді журналист.

Сейітқазының айтуынша, отбасы әлі күнге дейін мемлекеттік үйде тұрып жатыр. Нұрбол 2019 жылы “Дипломмен ауылға” бағдарламасы арқылы Жарлы ауылынан үй алғанымен, баспана толық төленбегендіктен, заңды түрде өз атына өтпеген. Қазір бұл үй мемлекет меншігінде. Сол себепті, журналист Ақтөбе облысы әкімдігінен отбасының баспана мәселесіне назар аударуды сұрады.

“Алты баласы бар отбасына Ақтөбеден пәтер берілсе, балалар орталықта білім алуға мүмкіндік алар еді”, – деді ол.

Марқұм жаттықтырушы ауыл спортын өркендетуге барын салған. Аз жалақыға қарамастан, шәкірттерінің спорттық киіміне, жарыс жолына, демалысына қаражат тауып, жеңімпаздарға сыйақы да ұйымдастырып отырған.

“Ол Жарлыдан жұлдыз шығарам деп армандады. Шәкірттері ел чемпионатында жүлде алып, «Ауыл спорты» жобасында топ жарған. Нұрболдың арманы — Байғаниннен Олимпиада чемпионын шығару еді…”, – дейді әріптестері.

Еске салайық, қайғылы оқиға 19 маусымда болған. Аулалардың бірінде 9 жастағы қыз бала шамамен 10 метр тереңдіктегі құдыққа түсіп кеткен. Жанұшырып жеткен бапкер қызды құтқармақ болғанымен, өзі де құдықтан шыға алмай, көз жұмды.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды