Франция парламенті үкіметке сенімсіздік білдіру туралы партияаралық вотумнан өте алмады

21.03.2023, 09:52
461
Франция парламенті үкіметке сенімсіздік білдіру туралы партияаралық вотумнан өте алмады Inform.kz

Франция парламенті үкіметке сенімсіздік білдіру туралы партияаралық вотумнан өткен жоқ. Бұл мәлімдемеге 278 депутат дауыс берсе, оны қабылдау үшін 287 дауыс қажет, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Euronews арнасына сілтеме жасап.

Былтырдан бері Францияда зейнет жасын өзгертуге қарсы жаппай наразылық шерулері өтіп жатыр. Халықтың ең ұзақ наразылығына қарамастан, зейнетақы реформасы осы жылдың 16 наурызында қабылданды.

Премьер-министр Элизабет Борн Конституцияның парламентті айналып өтетін заңды шұғыл қабылдауға мүмкіндік беретін нормасын пайдалану туралы шешімінен кейін әртүрлі фракциялардың өкілдері үкіметті отставкаға жіберу мәселесін қолдады. Осылайша ол зейнетақы реформасы туралы пікірталасқа нүкте қойып, қарсыластарын даулы бастаманы парламенттік әдістермен қабылдауға жол бермеу мүмкіндігінен айырды.

Оның айтуынша, конституцияның 49-бабының 3-тармағына сәйкес, зейнеткерлік жасты 62-ден 64-ке дейін ұлғайтуды көздейтін заң жобасының барлығын үкімет өз мойнына алады.

Euronews хабарлағандай, тағы бір сенімсіздік вотумы Ұлттық ассамблеяның алдында, бұл жолы оңшыл «Ұлттық жиналыс» ұсынған. Бұл өтініш те қабылданбаған болса, бұл зейнетақы реформасын бұл деңгейде тоқтату мүмкін емес дегенді білдіреді.

Солшыл партиялар реформаны басқа жолмен тежеуге тырысуда. Ұлттық ассамблея спикері дүйсенбі күні коммунистердің зейнетақы заңнамасы бойынша референдум ұйымдастыру туралы өтінішін Конституциялық кеңестің қарауына ұсынғанын хабарлады. Плебисцит өткізу үшін депутаттар мен сенаторлардың кемінде 1/5 бөлігінің, сондай-ақ 5 миллионға жуық сайлаушының қолдауын алу қажет.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген