Қазақстан ОПЕК+ келісімін тағы бұзды: Мұнай өндірісі шектен асып кетті

02.07.2025, 11:54
18166
Қазақстан ОПЕК+ келісімін тағы бұзды: Мұнай өндірісі шектен асып кетті kmg.kz

Мұнайды асыра өндіру Қазақстан мен ОПЕК+ арасындағы ашық қақтығысқа ұласуы мүмкін.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан маусым айында ОПЕК+ картелімен жасалған келісімді тағы да орындамай, мұнай өндіру көлемін белгіленген квотадан едәуір асырып жіберді. Бұл туралы Reuters агенттігі Chevron компаниясының мәліметтеріне сілтеме жасай отырып жазды.

Агенттіктің мәліметінше, маусымда Қазақстан тәулігіне 1,88 миллион баррель мұнай өндірген — бұл мамыр айымен салыстырғанда 7,5% артық және ОПЕК+ бекіткен 1,5 млн баррельдік шектен айтарлықтай жоғары.

«Теңіз» қайта рекорд жаңартты

Мұнай өндірудегі басты өсім Теңіз кен орнында байқалды. Chevron іске асырып жатқан қуаттылықты арттыру жобасының арқасында мұнда өндіріс 813,2 мыңнан 953 мың баррельге дейін артқан.

Жалпы алғанда, мұнай мен газ конденсатын қосқанда, Қазақстанда өндіріс көлемі тәулігіне 2,15 млн баррельге жетті (бұрын 2,02 млн болған).

Картель ішінде наразылық күшейіп келеді

Reuters дереккөздерінің айтуынша, Қазақстан тарапынан жүйелі түрде орын алып отырған бұл артық өндіру ОПЕК+ ішіндегі кей елдердің наразылығын туғызып отыр. Кейбір елдер бұл жағдайға жауап ретінде мұнай өндірісін әдейі арттырып, «тәртіп бұзушыларды» әлемдік бағаларды төмендету арқылы жазалау тактикасын таңдауы мүмкін екенін айтқан.

ОПЕК+ ұйымының келесі отырысы 6 шілдеде өтпек. Онда картель тамыз айында өндірісті тағы 411 мың баррельге арттыру мүмкіндігін талқылайды. Бұл ұсыныс қабылданса, жыл басынан бері ОПЕК+ елдері мұнай нарығына тәулігіне 1,78 млн баррель қосымша көлем шығарады деген сөз. Бұл — жаһандық сұраныстың шамамен 1,5%-ы, яғни нарықта ұсыныс көп болып, баға төмендеу қаупі артады.

Бұл Қазақстанның алғашқы тәртіп бұзуы емес. Мамырда да ел квотаны асырып, 1,86 млн баррель өндірген болатын. Мұндай әрекеттер Сауд Арабиясы бастаған картель лидерлерінің қысымына қарамастан жалғасып жатыр.

Бұған дейін Bloomberg сарапшылары ескерткендей, жүйелі түрде келісімді бұзу Қазақстан мен ОПЕК+ арасындағы ашық қақтығысқа ұласуы мүмкін.

Астанада құқық қорғау қызметкерін атып кетті Айдос Сарым Ресей пропагандисі Соловьёвке жауап берді Техникалық белгі дабыл қақты: Қызылордаға бағыт алған ұшақ Алматыға қайта қонды Жангелдиндегі қасірет: Қаза тапқан отбасының туыстары жаңа деректерді жариялады Шымкентте өрт шыққан пәтерден ер адамның мәйіті табылды Допинг дауына қарамастан Жәнібек Әлімханұлы IBF көшбасшысы болып қалды Жангелдин ауылында ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдіктілер қайда екені белгілі болды Астанадағы балабақшада балаларға психологиялық қысым көрсетілді деген шағым түсті Талғарда 20 жастағы қыз ауруханаға жүгінгеннен кейін көз жұмды (ВИДЕО) «Енді әйел алмаймын деді»: Омар Жәлелдің екінші әйелі күйеуі туралы шындықты айтты Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі өзіне тіл тигізгендерді сотқа берді Қырғызстан депутаты Соловьёвтің елге кіруін шектеуді ұсынды Академик Асқар Жұмаділдаев күрделі есептерді шешуде ҚазҰУ суперкомпьютерін пайдаланбақ Ақ үй Трамптың жұмысшыға ортаңғы саусағын көрсетуін «орынды» деп атады (ВИДЕО) Әр бесінші дәрігердің жасы зейнетке жақын: Депутат жас мамандарды жұмысқа тарту ісін сынға алды Депутат: Марапат пен атақ – базарда сатылатын сувенирге айналды Израилде табылған қазақтың байырғы бабасының жәдігері әлемді таңғалтуда Дастан Сәтпаев «Челсидің» болашақ құрамына енді «Дайындалып келу керек»: Қошанов шенеуніктің жауабына разы болмады Жамбыл тұрғыны үйленгенін 30 жылдан кейін білді