«Тартып алады деп қорықтым»: Өзінің 2 айлық сәбиін өлтірген ақтөбелік ана сотталды

02.07.2025, 17:50
2618
«Тартып алады деп қорықтым»: Өзінің 2 айлық сәбиін өлтірген ақтөбелік ана сотталды iStock

Ақтөбе облысында жүкті келіншек далада босанып, жаңа туған нәрестені дәрігерге көрсетпестен екі ай үйде ұстаған. Еш жерде тіркелмеген, вакцина да алмаған сәби тыныс жетіспеушілігінен шетінеп кетті. Ал анасы «алып қояды» деп қорқып, көмекке жүгінбеген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде екі айлық қыз баланың өліміне себепкер болған 37 жастағы әйелге сот үкімі шықты. Сот отырысында ол өз кінәсін мойындап, баласына немқұрайлы қарағанын растады.

Оқиға өткен жылдың қараша айында басталған. Жүкті Карина (шын есімі — Тамара) Ақтөбедегі дәмханалардың бірінде Айнұр есімді әйелмен танысып, баспанасыз жүргенін айтқан. Айнұр оны аяп, өзі жұмыс істейтін «Абдуллах» шаруа қожалығына ертіп әкеледі.

Бірнеше күннен кейін Карина шөп тасу кезінде босанып қалады. Жанында болған көршісі Бибігүлдің көмегімен қыз бала дүниеге келген. Алайда құжаттарының болмауына байланысты жедел жәрдем шақырылмайды, ал жаңа туған нәресте ешбір ресми тіркеуден өтпейді — туу туралы куәлік жасалмайды, медициналық тексеру де жүргізілмейді, екпе де салынбайды.

Екі ай өткен соң сәби шетінеп кеткен. Баланың өлімі туралы алғашқы болып Бибігүлге Айнұр хабарлайды. Кейін бұл ақпарат ауыл имамы мен әкімінің араласуымен құқық қорғау органдарына жеткен.

Сот-медициналық сараптама баланың екі жақты пневмония, бронхит және ауыр ангина салдарынан жедел тыныс жетіспеушілігінен көз жұмғанын көрсетті. Дәрігерлер егер бала дер кезінде емделсе, аман алып қалуға болар еді деп мәлімдеді.

Сот Каринаны (Тамараны) Қылмыстық кодекстің 119-бабы ("Көмексіз қалдыру") бойынша кінәлі деп танып, 1 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды