4458

«Келісімшартқа отырған едім»: Жұлдыз Әбдікәрімова тағы да алаяқтарға алданып қалды

Ол жиһаз жасаушыларға алданып қалғанын айтты.

«Келісімшартқа отырған едім»: Жұлдыз Әбдікәрімова тағы да алаяқтарға алданып қалды
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, актриса әрі продюсер Жұлдыз Әбдікәрімова жиһаз жасайтын алаяқтардың арбауына түсіп қалғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

Өнер иесінің айтуынша, екі жыл бұрын жарнамасы жер жарып тұрған компаниямен келісімшартқа отырып, жиһазға 70% алдын ала төлем жасаған. Алайда уәде етілген уақытта жиһаз жетпеген. Кәсіп өкілдері жауап беруді қойып, соңында актрисаны әлеуметтік желілерде бұғаттап тастаған.

«Келісімшартта көрсетілген мекенжай да жалған болып шықты. Бұл жағдайдан үлкен сабақ алдым. Қазір тапсырысты тек сенімді орындардан ғана беруге тырысамын», — деп жазды ол.

Сонымен қатар Жұлдыз Әбдікәрімова соңғы уақытта жүйкесінің сыр беріп жүргенін де ашық айтты.

«Не қылса, демалыста жүргендерді уақытша бұғаттай саламын-ау деймін. Әбден жүйкеге тиіп бітті», — деп жазды актриса.

Актриса қазір су жаңа пәтерінің жөндеу жұмыстарымен айналысып жатқанын атап өтті.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор