Сот Перизат Қайраттың қайырымдылық қорын түбегейлі жойды

03.07.2025, 12:32
6845
Сот Перизат Қайраттың қайырымдылық қорын түбегейлі жойды SMARTNEWS.KZ коллажы

Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қайырымдылық қоры жойылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана қаласының апелляциялық соты алаяқтық бойынша айыпталып жатқан Перизат Қайрат құрған Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қайырымдылық қорын жою туралы алғашқы сот шешімін күшінде қалдырды. Осылайша, Перизат Қайраттың қор жұмысын қалпына келтіруге жасаған тағы бір талпынысы сәтсіз аяқталды.

Бұған дейін Астананың экономикалық соты Әділет министрлігінің талап-арызы негізінде қорды мәжбүрлеп жою туралы шешім шығарған болатын. Сот материалдарына сәйкес, Перизат Қайрат қорды тіркеу кезінде басқа «құрылтайшылардың» қолдарын қолдан жасап, олардың деректерін рұқсатсыз пайдаланған. Сот-сараптамалық зерттеу бұл деректі растады. Протоколда аты-жөні көрсетілген азаматтар жобадан мүлде бейхабар екенін мәлімдеген.

Сот шешімінде қорды тіркеу заң талаптарын бұзып қана қоймай, азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына алып келгені көрсетілген. Бұл — қорды жоюға негіз болған басты себеп.

Айта кетейік, Перизат Қайратқа 3,5 миллиард теңгені жымқыру бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл қаражат су тасқынынан зардап шеккен балалар мен Газа секторындағы тұрғындарға көмек көрсету үшін жиналғаны айтылған. Алайда Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, қаржы ешқандай қайырымдылық мақсатқа жұмсалмаған. Керісінше, Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева бұл қаражатты жеке қажетіне жаратқан.

Тергеу мәліметі бойынша, бұл ақшаға қымбат көліктер, пәтерлер, сәнді киімдер мен әшекей бұйымдар сатып алынған. Қазіргі уақытта бүкіл мүлікке тыйым салынған, ал Перизат Қайраттың анасы да іс бойынша күдікті ретінде қаржы жымқыру мен ақшаны заңдастыру баптары бойынша айыпталып, үйқамаққа алынған.

Қор ешқашан ашық қаржылық есеп жарияламаған, ал оның атауы халық арасында танымал «Birgemiz» платформасына ұқсастырылып, қоғамды адастыруға бағытталғаны да тергеу кезінде анықталған.

30 маусымда іс Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр