«Мені 1 сағат бойы белбеумен ұрды»: Қазақстандық рэпер әйелін ұрып-соққан (ФОТО, ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
04.07.2025, 13:47
4589
«Мені 1 сағат бойы белбеумен ұрды»: Қазақстандық рэпер әйелін ұрып-соққан (ФОТО, ВИДЕО) жеке парақшасынан

Көршілердің арқасында тірі қалдым дейді қыз.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Qurt лақапатымен танымал рэпер Дамир Қойшыбаевтың әйелі Аружан Қойшыбаева одан көрген қорлығын ашық баяндады. Әйел адамның айтуынша, күйеуі оны бірнеше сағат бойы белбеумен сабап, қорқытқан.

Аружан Қойшыбаеваның айтуынша, оқиға 2025 жылдың 27 маусымында таңертең болған. 4 шілде күні түнде ол Instagram парақшасында жазба жариялап, жағдайды егжей-тегжейлі баяндап, денесіндегі көгерген, жырылған, жарақат іздері бар суреттерін көрсетті.

«Ол мені бір сағат бойы белбеумен сабады. Белбеу үзіліп кеткен соң, екіншісін алды. Қашып кете алмадым, «мені өлтіріп жатыр» деп айқайладым. Көмекке көршілер келіп, мені құтқарып қалды», – деп жазды Аружан.

Оның айтуынша, рэпер елден кетпек болған, ал оның қылмыстық өткен тарихы бар досы Аружанға қорқытып хат жазған. Соның бірі:

«Сен мені арандатып жүрсің. Қолым ұзын – сені бәрібір табамын», – деген мәтінде болған.

Сондай-ақ, Аружан Қойшыбаеваның сөзінше, күйеуі достарымен келіп, өзіне бейнежазба түсіріп, «ешқандай шағымым жоқ» деп айтқызуға мәжбүрлемек болған. Сонымен қатар, ол Qurt-тың анасын да қысым көрсетті деп айыптады — әйел адамнан полицияға берген арызын қайтып алуын талап еткен.

Алайда Аружан сот-медициналық сараптамадан өтіп, полицияға арыз жазған. Қазіргі уақытта ол адвокат жалдау үшін қаражат жинап жатыр.

Қазақстандық танымал әртістер бұл жағдайға үн қосты. Әнші SayMo және Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді жәбірленушіні қолдап, әділетті тергеу жүргізуді талап етті.

Айта кетейік, Qurt лақапатымен танымал Дамир Қойшыбаев — 2001 жылы туған қазақстандық рэпер. Алғашында тәуелсіз орындаушы ретінде шыққан ол кейін Ozen бірлестігіне қосылды. 2020–2021 жылдары Скриптонит негізін қалаған Musica36 лейблінде өнер көрсетті.

Ол Truwer-мен бірге «Hybrid» EP альбомын, сондай-ақ Скриптонитпен бірге «Сумка» сынды хиттарды шығарған. Бұдан бөлек, «Орда» дереккөздерінің хабарлауынша, кейін ол есірткі заттарын таратуға қатысты айыптармен байланысты дауға іліккен.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды