SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау қаласында екі жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады.
Алдын ала мәлімет бойынша, көз жұмғандар — 16 жастағы ұл бала мен 15 жастағы қыз. 2 шілде күні бозбаланың, ал келесі күні бойжеткеннің денесі табылған.
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 2009 және 2010 жылы туған жасөспірімдердің өліміне қатысты Қылмыстық кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабымен іс қозғалған.
– Қазіргі уақытта кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Куәгерлерден жауап алынып, марқұмдардың ортасы мен байланыстары зерттелуде, – делінген полиция таратқан хабарламада.
Оқиғаның басқа мән-жайы тергеу мүддесіне байланысты жарияланбай отыр.