Белдікпен 1 сағат ұрған рэпер әйелімен сотта татуласты

05.07.2025, 13:09
4454
Белдікпен 1 сағат ұрған рэпер әйелімен сотта татуласты жеке парақшасынан

Әйел арызын қайтарып алған көрінеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада рэпер Qurt (шын есімі — Дамир Қойшыбаев) пен оның әйелі Аружан Қойшыбаева арасындағы тұрмыстық жанжалға қатысты іс сотта татуласумен аяқталды. 

Әйел өз арызын кері қайтарып алған. Қазіргі уақытта бұл іске байланысты қосымша тексеру жүріп жатыр. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті ресми түрде мәлімдеді.

Полиция мәліметінше, 27 маусым күні «102» арнасына келіп түскен қоңыраудан кейін оқиға орнына тәртіп сақшылары барған. Олар қорғану нұсқамасын толтырып, ер адамды уақытша ұстау изоляторына жеткізген.

Іс ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 73-бабы — «Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер» бойынша сотқа жолданған. Алайда сот отырысында тараптар татуласып, Аружан Қойшубаева жазбаша түрде шағымынан бас тартқан.

— Мұндай істер бойынша татуласу тек сот арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі сәтте жәбірленушіден басқа өтініштер түскен жоқ. Қосымша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Нәтижесіне қарай, соққы жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралады, — деп хабарлады Астана Полиция департаменті.

Бұған дейін Аружан Қойшыбаева Instagram парақшасында күйеуінің өзін бір сағат бойы белдікпен ұрғанын жазған. Оның айтуынша, белдік үзіліп қалған соң Qurt басқа ремень алған. Сонымен қатар, ол күйеуінің шетелге кетуге ниетті екенін, достары тарапынан қорқытулар болғанын, тіпті видеожазба арқылы бас тартуға мәжбүрлеуге тырысқандарын мәлімдеген. Сондай-ақ, музыканттың анасы да қысым көрсеткенін айтқан.

Полиция бұл мәліметтерді де тексеріп жатқанын атап өтті.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды