561

Павлодарда «Jas Keñes Sıylığı – 2025» жастар сыйлығы талқыланды

Павлодарда ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі, «Келешек» жастар кеңесінің басшысы Гүлзира Атабаева «Jas Keñes Sıylığı – 2025» жастар сыйлығына қатысты жаңалықтармен бөлісті.

Павлодарда «Jas Keñes Sıylığı – 2025» жастар сыйлығы талқыланды
Jas Keñes

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, аталған сыйлық 2024 жылы Кеңестің бастамасымен құрылған және еліміздің түрлі салаларында жетістікке жеткен жастарды қолдауға бағытталған.

35 жасқа толмаған (қоспағанда) қазақстандықтар арасынан үздік мамандар анықталып, әрқайсысы 1 миллион теңгеден қаржылай марапатталады. Барлығы 20 жеңімпаз таңдалады, ал жалпы жүлде қоры — 20 миллион теңге.

2025 жылғы байқауда номинациялар саны 7-ден 10-ға дейін кеңейтіліп, жаңа салалар қосылды. Олардың қатарында IT, жасанды интеллект, креативті индустрия, ғылым, медицина, әлеуметтік жұмыс, энергетика, ауыл шаруашылығы, құқық қорғау саласы мен жұмысшы мамандықтары бар.

Номинациялар тізімі:

«Janqıarlyq» — құқық қорғау органдары мен әскери қызметкерлерге;

«Altyn jürek» — дәрігерлер мен орта және кіші медицина қызметкерлеріне;

«Önerkäsıp» — өндіріс және тау-кен өнеркәсібі саласындағы мамандарға;

«Bolaşaq turaly qamqorlyq» — әлеуметтік қызмет, волонтерлік және инклюзия бағытында жұмыс істейтіндерге;

«Bılım jäne Ğylym» — педагогтер мен ғылыми қызметкерлерге;

«Qaisar» — құтқарушылар мен азаматтық қорғаныс саласы қызметкерлеріне;

«Altyn qol» — жұмысшы мамандық өкілдеріне (құрылысшы, сантехник, т.б.);

«Zharyq» — энергетика, атом және мұнай-газ саласының қызметкерлеріне;

«Örken» — агроөнеркәсіп және азық-түлік өндірісі саласындағы мамандарға;

«Örleu» — ақпараттық технология мен креативті индустрия саласының мамандарына арналған.

Байқауға қатысуға өтінімді 2025 жылғы 20 маусым мен 20 шілде аралығында ресми сайттан беруге болады. 

Конкурстық іріктеу 3 кезеңнен тұрады. Оның қорытындысы бойынша әр номинациядан 2 жеңімпаздан, барлығы 20 жеңімпаз анықталады. Байқаудың жүлде қоры – 20 миллион теңге (әр жеңімпазға 1 миллион теңгеден). 

Сыйлықтың бас серіктесі және демеушісі «Brave Talents» компаниясы. Сыйлық пен Кеңестің қызметі туралы толық ақпаратты Jas Kenes сайтынан біле аласыздар.

Материал авторы