518

Президент Макронды Францияның ұлттық мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.

Президент Макронды Францияның ұлттық мерекесімен құттықтады
Ақорда

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды Француз Республикасының ұлттық мерекесі — Бастилияны алу күнімен құттықтады.

– Мемлекет басшысы бүгінде Франция саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда елеулі жетістікке жеткен халықаралық қоғамдастықтың беделді мүшесі екенін атап өтіп, достас француз халқының одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қазақстан мен Франция қарым-қатынасы стратегиялық серіктестікке ұласқанына назар аударып, осы игі іске Эмманюэль Макронның қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.