2020 жылдан бері жалған теракт туралы хабарлардың саны 3 есе артқан

25.03.2023, 15:34
572
2020 жылдан бері жалған теракт туралы хабарлардың саны 3 есе артқан smartnews.kz

Астанада терроризмге қарсы орталық басшысы – Ұлттық қауіпсіздік комитететінің төрағасы Ермек Сағымбаевтың төрағалық етуімен орталықтың кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Комитеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, шараға Терроризмге қарсы орталықтың құрамына кіретін мемлекеттік органдардың басшылары мен бас прокуратураның басшылығы қатысқан.

Е. Сағымбаев кейінгі кезде Қазақстанда «жалған терроризмнің» фактілері жиілеп кеткенін, ондай жайттардың саны 2020 жылдың көрсеткішінен 3 есе артқанын айтты.

Қазір интернет арқылы анонимді негізде түсетін хабарларға айрықша назар аударылып отыр. Мұндай жайттарға қарсы тұру үшін Президент Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша терроризмге қарсы шаралардың ведомствоаралық жоспары әзірленіп, мақұлданып отыр.

Орта мерзімдегі кезеңде халықаралық және ведомствоаралық әрекеттерге негізделген кешенді шараларды іске асыру көзделіп отыр. Сондай-ақ материалдық-техникалық жабдықтау, мамандармен қамтамасыз ету, саладағы құқықтық нормаларды жетілдіру бағытындағы жұмыстар қолға алынбақ.

Отырыста арнайы және құқық қорғау органдарының террорзимге қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел іздестіру шаралары кезінде өзара әрекеті пысықталды.

Жиында жедел шараларды өткізуге жұмылдырылатын басшылардың біліктілігін арттыру қажеттігі баса айтылды. Сондай-ақ ақпарат алмасудың тетіктері, тәжірибе алмасу жолдары, терроризм қылмыстарын тергеу мен ашу, жолын кесу бағытындағы жұмыстар талқыланды.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді