«Педофил-миллиардер Эпштейнге жалаңаш қыздың суретін жіберген»: Трамп атақты басылымды сотқа берді

Азиз Қалижан Редактор
19.07.2025, 16:58
922
«Педофил-миллиардер Эпштейнге жалаңаш қыздың суретін жіберген»: Трамп атақты басылымды сотқа берді SMARTNEWS.KZ коллажы

Трамп журналистерді сотқа беріп, 10 миллиард доллар талап етті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп The Wall Street Journal басылымына және оның иесі Руперт Мердокқа қарсы 10 миллиард доллар көлеміндегі талап-арыз берді. Бұған себеп — басылымда жарияланған мақалада Трамп атымен миллиардер әрі кәмелетке толмағандарға зорлық көрсеткені үшін сотталған Джеффри Эпштейнге жазылған бейәдеп мазмұндағы хат пен анайы сурет туралы айтылған.

Сотқа жүгіну туралы ақпарат 18 шілдеде Майамиде тіркелген сот құжаттарынан белгілі болды.

Арыз медиахолдинг News Corp-қа, оған қарасты Dow Jones & Company агенттігіне, WSJ газетіне, Руперт Мердокқа, медиаменеджер Роберт Томсонға және екі журналистке қарсы бағытталған. Талап көлемі — «кем дегенде 10 миллиард доллар».

«Біз WSJ деп аталатын енді ешқандай құны жоқ басылымда жарияланған жалған, арандатушы, жала және өтірік мақалаға қатысы барлардың барлығына қарсы қуатты талап-арыз бердік. Бұл - жалған ақпарат таратқан авторларға қарсы тарихи сот процесі», - деп жазды Трамп өзінің TruthSocial парақшасында.

Айта кетейік, сайлауалды науқан кезінде Трамп көпшілікке «Эпштейн ісін» әшкерелейтінін уәде еткен болатын. Ол құжатта бұрынғы қаржы магнатының кәмелетке толмағандарға зорлық көрсету ісімен байланысты тұлғалар тізімі көрсетілуі керек еді. Алайда Трамп ешқандай тізім ұсынған жоқ.

Тіпті миллиардер Илон Маскпен онлайн дауы кезінде Маск «Трамптың өзі де Эпштейннің ісіне қатысы бар» деп мәлімдеген. Бұл мәлімдеме қастандық теорияларын күшейтті.

WSJ газетінде жарияланған мақалада 2003 жылы Трамптың жалаңаш әйелдің суретін салып, хатпен қоса Эпштейнге сыйға тартқаны туралы айтылған. Басылым мұны кейбір құжаттарға сүйене отырып жазғанын мәлімдеген.

Алайда The New York Times газетінің журналисі Гленн Траштың айтуынша, редакция жүргізген кең көлемді зерттеу Трамп пен Эпштейн арасында нақты байланыс болмағанын көрсеткен. NYT-ге сұхбат берген тергеушілер «Эпштейннің клиенттер тізімі» деген құжаттың өзі мүлде жоқ екенін растаған.

Соған қарамастан, WSJ өз мақаласының дұрыстығын қорғап отыр.

«Біз жариялаған материалдардың нақтылығына және негізділігіне толық сенімдіміз. Кез келген сот талқылауында өзімізді табанды түрде қорғаймыз», — деді Dow Jones агенттігінің өкілі.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды