22 шілдедегі ауа райы: 42º аптап ыстық, шаңды дауыл мен найзағай

22.07.2025, 09:07
347
22 шілдедегі ауа райы: 42º аптап ыстық, шаңды дауыл мен найзағай AP Photo

Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 22 шілде күні Қазақстанның барлық дерлік өңірінде ауа райы күрт құбылады. Кей аймақтарда ауа температурасы 42 градусқа дейін көтерілсе, кей жерлерде шаңды дауыл мен найзағай күтіледі. «Қазгидромет» РМК еліміздің облыстарына дабылды ескерту жариялады.

Атырау облысында найзағай ойнап, желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы +38 градусқа дейін ысиды. Өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады. Ақтөбе облысында да найзағай мен екпінді жел күтіледі. Күндіз +35°C аптап болады. Ақмола облысында +36 градусқа дейін ыстық болады, кей жерлерде найзағай жарқылдап, жел күшейеді.

Алматы облысында күн жауын-шашынсыз әрі тымырсық. Қапшағай мен Талдықорғанда ауа температурасы +40 градусқа дейін көтеріледі. Абай облысында да аптап ыстық күтіледі – сынап бағанасы +38°C көрсетеді, желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Жетісу облысында 22–28 шілде аралығында күндізгі температура +42 градусқа дейін жетіп, ұзаққа созылатын ыстық байқалады. Жамбыл облысында да жағдай осыған ұқсас – +37 градус, жел күшейеді. Қарағанды облысында найзағайлы, желді күн күтіледі, термометр +36°C көрсетеді.

Қостанай облысында күн күркіреп, жел күшейеді, ауа температурасы +36 градусқа дейін көтеріледі. Қызылорда облысында аптап пен шаңды дауыл қатар жүреді, күндіз +41°C болады. Маңғыстау облысында шаң көтерілуі мүмкін, жел екпінді, күн +38 градусқа дейін ысиды.

Павлодар облысында түнде тұман, күндіз найзағай, қатты ыстық және жел күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында күн +34°C шамасында болады, жел 20 м/с дейін жетеді. Түркістан облысында шаңды дауыл, 23 м/с дейін жел және +41 градус ыстық болады.

Ұлытау облысында да +38°C аптап болады, желдің екпіні – 20 м/с. Батыс Қазақстан облысында найзағай мен ыстық қатар байқалады. Шығыс Қазақстан облысында да найзағай, жел және +36 градусқа дейін ыстық болжанған.

Астанада күн +35 градусқа дейін ысиды, найзағайлы жел соғады. Алматыда жауын-шашынсыз, тымырсық ауа райы болады, ауа температурасы +37°C. Шымкентте шаңды дауыл тұрып, күн +41 градусқа дейін ысиды.

Мамандар тұрғындарға далада ұзақ жүрмеуге, мүмкіндігінше көлеңкеде болуға, сұйықтықты көп ішуге және өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауға кеңес береді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды