Павлодарда ер адам өз досын пышақтап өлтіріп кеткен
Жанжалдың соңы өліммен аяқталды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодар қаласында ер адам досымен жанжалдасып, оны пышақтап өлтірді. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлады.
Оқиға 21 шілдеге қараған түні Заслонов көшесіндегі көпқабатты үйдің кіреберісінде болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, ер адамдардың арасында тұрмыстық жанжал туындап, соңы қайғылы жағдаймен аяқталған.
«Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша іс қозғалды. Қылмыс жасады деген күдікпен ер адам анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде», – деп мәлімдеді облыстық Полиция департаменті.
Күдіктінің бұлтартпау шарасы тергеу нәтижесінде белгілі болады.
Материал авторы