23 шілдедегі ауа райы: синоптиктер тұрғындарға ескерту жасады

23.07.2025, 09:04
347
23 шілдедегі ауа райы: синоптиктер тұрғындарға ескерту жасады kp.ru / Владимир ВЕЛЕНГУРИН

Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 23 шілде күні Қазақстанның барлық дерлік өңірінде ауа райы күрт құбылады. Кей аймақтарда ауа температурасы 42 градусқа дейін көтерілсе, кей жерлерде шаңды дауыл мен найзағай күтіледі. «Қазгидромет» РМК еліміздің облыстарына дабылды ескерту жариялады. 

Қарағанды облысы
23 шілдеде облыста шығыстан қатты жел соғады. Оңтүстік өңірлерінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың батысы, оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Солтүстік пен орталық аймақтарда жоғары өрт қаупі күтіледі. Қарағанды қаласының өзінде де жоғары өрт қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысы
Облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде күндіз найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал. Петропавлда найзағай болады деп болжануда.

Жамбыл облысы
Оңтүстік-батыс, солтүстік-шығыс және таулы аудандарда солтүстік-шығыстан қатты жел тұрады, екпіні 25 м/с-ке дейін жетуі мүмкін. Тараз қаласында түнде жел күшейіп, күндіз ауа температурасы 39°С-қа дейін көтеріледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысы
23 шілдеде облыстың батысы, солтүстігі және шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, екпіні 20 м/с-ке дейін. Оңтүстікте 35°С қатты ыстық, өрт қаупі өте жоғары. Қостанай қаласында күндіз найзағай, жел екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысы
Облыстың барлық аумағында найзағай, жел және 35-36°С ыстық күтіледі. Солтүстік пен шығыста жоғары, ал орталықта төтенше өрт қаупі бар. Орал қаласында найзағай мен жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысы
Батыс пен солтүстікте найзағай, қатты жел (15-20 м/с) және 35°С ыстық күтіледі. Оңтүстік пен орталықта төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстігінде 40°С-қа дейін өте қатты ыстық болады. Ақтөбе қаласында күндіз найзағай болуы мүмкін.

Қызылорда облысы
23 шілдеде орталық пен оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 20 м/с дейін жетеді. 40-42°С өте қатты ыстық сақталады. Қызылорда қаласында да дәл осындай ауа райы болады. Өрт қаупі төтенше деңгейде.

Павлодар облысы
Облыстың батысы, оңтүстігі және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысы
Оңтүстік-батыс пен солтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Жел екпіні 15 м/с-ке дейін. Ақтау қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысы
Батыс пен солтүстікте шаңды дауыл болады. Таулы аудандарда жел күшейіп, 20 м/с дейін жетеді. Шымкент пен Түркістан қалаларында 41°С қатты ыстық пен төтенше өрт қаупі күтіледі.

Абай облысы
Оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан жел соғады. Желдің екпіні күндіз 23 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігі мен солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі бар. Семей қаласында да өрт қаупі жоғары.

Шығыс Қазақстан облысы
Таңертең және күндіз жел күшейеді (15-20 м/с). Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде де қауіп бар.

Атырау облысы
Батыс пен шығыста найзағай, жел екпіні 20 м/с дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы 35-39°С, өрт қаупі төтенше деңгейде. Атырау қаласында 35-37°С ыстық болады.

Жетісу облысы
Шығыс пен орталықта жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді. Күндіз 35-36°С қатты ыстық, 23-28 шілде аралығында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда да осындай жағдай.

Астана қаласы
23 шілдеде елордада жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысы
Облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде найзағай болжанған. Жел шығыстан, екпіні 20 м/с дейін. Көкшетауда күндіз найзағай күтіледі.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды